Жұма, 22 Қараша 2024
Қазақ жері 5052 2 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 06:03

Созақта ХІІ ғасырға тән балбалтас табылды

Туған жерге деген сүйіспеншілік оның әр тасын, әр бұлағын құрметтеуден, табиғат анаға ерекше мән беруден басталады емес пе? Осы сөзімізге дәлел: жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды. Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған.

Абай ауылының тұрғыны Жансәт Сейітов «Бір тастың ұшы шығып ерекше көрінді. Ауыл азаматтары жабылып көтеріп едік, жан-жағынан суреттер шыға бастады. Сонымен ол тасты бөлек қойдық. Дәл сол маңайдан тағы бір тас көрінді. Ол да жерден 3-4 см шығып тұр екен. Көтеріп едік, ол да қозғалмады. Абайлап қарасақ екінші бетінде суреті бар екен. Бізге оларды алу қызық болды», - дейді.

Табылған жәдігерді аудан әкімі С. Полатов арнайы барып көріп, ерекше қорғауды тапсырды. Көне тас мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Олардың сөзінше, балбалтастар ежелгі түркі дәуіріне тән. Терең тарихтан сыр шертер құнды дүниені ғалымдар зерттеуге мүдделі. Балбал тас аудандық С. Қожанов атындағы мұражайда сақталатын болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269