Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5695 11 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 12:07

Назарбаевтың немересі альпинизм федерациясын басқарады

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, бизнесмен, Қазақстан президентінің үлкен немересі Нұрәлі Әлиев Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясына басшылыққа келді. Бұл жөнінде жергілікті жаңалықтар агенттігі хабарлайды.

Федерацияның ресми сайтында Нұрәлі Әлиевтің бір ауыздан сайланғаны жөніндегі ақпарат 27 шілдеде берілген. Қазақстан президентінің үлкен немересі, қызы Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев 2014 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Кейін ол өз еркімен бизнеске кететінін мәлімдеді.

2016 жылдың сәуір айында 32 жастағы Нұрәлі Әлиевтің аты-жөні «панама құжатында» (саясаткерлер мен бизнесмендердің оффшорлы есепшоты жөніндегі мәліметтер) жарияланды. Кейбір елдерде бұл материалдар үлкен жанжалға ұласып, саясаткерлердің отставкасымен аяқталған. Журналист-зерттеушілердің халықаралық консорциумы (ICIJ) жариялаған құжаттар Қазақстан қоғамында пікірталас туғызғанымен, билік жауап бермеді. Бас прокуратура сол кезде құжатта жарияланған дәйектер "шындыққа сәйкес келмейді" деген.

Абай ақпарат

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269