Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 4815 0 пікір 5 Шілде, 2017 сағат 18:55

Жетісу жеріне қоныс тепкен қандастарымыздың қарасы қанша?

Алматы облысына 1991 жылдан бастап 2016 жыл аралығында 54969 отбасында  188385 этникалық   қазақтар  көшіп келіп қоныстанды.

2011 жылға дейін 15358 отбасында 78603 оралман көшіп келу квотасына енгізіліп баспанамен қамтамасыз етілді. 39611 отбасы 109782 оралман квотадан тыс өз күштерімен орналасып өз қаражаттарына баспана сатып алып қоныстанды.

Қоныстанған оралмандардың 77281-і Өзбекстаннан, 62417-і Қытай Халық Республикасынан, 21337-і Моңғолиядан, 2195-і Түркменстаннан, 1877-і Ресейден, 1440-ы Қырғызстаннан, 1718-і Түркиядан, 198-і Тәжікстаннан, 446-ы Ираннан, 81-і ТМД елдерінен, 507-і тағы басқа шетелдерден  көшіп келді.

Қоныстанған  оралмандардың 44683-і Қарасай ауданына, 32212-і Еңбекшіқазақ ауданына, 26499-ы Жамбыл ауданына, 18218-і Іле ауданына, 13639-ы Ескелді ауданына, 11345-і Талғар ауданына, 7492-і Көксу ауданына, 6157-і Ақсу ауданына, 5518-і Талдықорған қаласына, 3732-і Текелі қаласына, 3252-і Алакөл  ауданына, 3020-ы Сарқан ауданына,  2983-і Райымбек ауданына,  2306-ы Кербұлақ ауданына, 2105-і Қаратал ауданына, 2010-ы Панфилов ауданына, 1814-і Қапшағай қаласына, 1094-і Ұйғыр ауданына, 306-ы Балқаш ауданына  өз еріктерімен орналасты.

«Оралман мәртебесін» беру  мәселесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру қағидалары» және 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша  тікелей және Мемлекеттік корпорация (ХҚКО)-ы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Республика көлемінде 2016 жылдың ақпан айынан бастап оралмандарға ХҚКО-ы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі басталған болатын.

2016 жылы   8583 этникалық қазақтарға оралман мәртебесі беріліп көрсетілген мемлекеттік қызметтің  5519-ы, яғни 64,7%-ы  Мемлекеттік Корпорация (ХҚКО – ы) арқылы жүзеге асырылды.

2017 жылдың  бірінші тоқсанында 1731 этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беріп  көрсетілген мемлекеттік қызметтің  980-сі, яғни 54,0%-ы Мемлекеттік Корпорация (ХҚКО – ы) арқылы көрсетілді.

Ілияс Ақбай

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048