Сенбі, 23 Қараша 2024
3885 0 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 09:38

Ашхабад полициясы қаланы қайыршы балалардан "тазартып" жатыр

Ашхабад полициясы қала көшелерін қайыршы балалардан тазарту жұмыстарын жүргізе бастады. Азаттық радиосының Түркіменстандағы дереккөзінің хабарлауынша, соңғы кездері қала көшелерінде қайыршылар көбейген.

Дереккөз мәліметі бойынша, полицияға түскен балалар ескерту алады, одан соң олардың ата-аналарына ескерту беріледі.

Ашхабад полициясының жасөспірімдер істері жөніндегі инспекциясы қызметкерінің айтуынша, мүгедек балалардың қайыр тілеуі туралы хаттама толтырылса, олардың ата-аналарына баларды қайыр тілеуге мәжбүрлегені үшін қылмыстық іс қозғалатыны туралы ескертіледі.

Ашхабад тұрғындарының хабарлауынша, қазір қайыр тілеп жүрген мүгедек балаларды, сонымен бірге оларды полиция қызметкерлерінің ұстап жатқанын күнде көруге болады.

"Мүгедек арбасында отырған қайыршы балалар Түркіменстанның ғана емес, әлемнің кез-келген елінің имиджіне кері әсер етеді", - деді полиция қызметкері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400