Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4515 2 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:14

Ресейдегі бір шұжықтың ішінен адам етінің ДНК-сы шыққан...

Астапыралла! Ресейдегі бір шұжықтың ішінен адам етінің ДНК-сы шыққан дей ме? Сенбесеңіз "Известияны" қараңыз. Мейлі, нені жесе оны жесін дер едік қой. Бірақ, екі елдің арасында ешқандай сүзгі жоқ емес пе? Яғни, біздің ұртымыз немен майланып отырғанын да біліп болмаймыз.

Мені қорқытып отырған дүние мынау: АҚШ-тың санкциясына байланысты сол кәсіпкерлердің әлемдік базарға шығатын жолы тарылды. Енді, олар санкцияны айналып өтетін сүрлеу іздейді. Ол ашық-шашық Қазақстан, әрине. Расында адам етінің ДНК-сы бар шұжығымен бірге капиталын бізге қарай көшіреді. Олардың қаржысы бізден көп. Экономика базарындағы іскерлік тәсілдері мен тәжірибесі бізден бай. Саясаты - өңмеңдеу. Мен шұжықты ғана емес, саясатын арқалап келетін мұжықты айтып отырмын. Сонда нәрестенің мойнындай былқылдаған біздің саясат қандай күйге түседі? Ішінде не бары белгісіз шұжыққа сылқия тойып алып, солардың ығында ықылық атып отырамыз да. Бір жақсылап тойып алайық!

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5372