Қудаланған өзбек журналисі Хамидовқа телеарнаға оралуға рұқсат берді
Жақында Ташкенттің Чилинзар ауданының 56 тұрғыны, соның ішінде журналист Хайрулла Хамидов құқыққорғау органдарының "қара тізімінен" шығарылды. Енді ол телеарнада спорт шолушы ретінде жұмысын жалғастыра алады.
42 жастағы журналист және футбол комментаторы Хайрулла Хамидов Өзбекстанда дін тақырыбындағы өлеңдерімен, уағыздарымен танымал. Ол Kun.uz интернет басылымына берген сұхбатында былай деген: "Енді мені телеарналар қорықпастан жұмысқа шақыра алады. Мен кәсібімді сағындым".
Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылы қыста "Жихадшылар" тобына қатысы бар деген айыппен түрмеден шыққан журналиске жаңа қылмыстық іс қозғалған. Оған қатысты тергеу барысын Хамидов кейін айтып беруге уәде берді.
Журналист рұқсат етілмеген діни ағымдарға қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің арнайы тізіміне кіргізілген.
Abai.kz