Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9892 12 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 07:42

Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал

Алда орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі бұрынғыдан да төмендей түседі. Шет елдік тауарларды тұтыну ресейліктер үшін қымбатқа түспек. Ресей ұзақ уақыттық дағдарысқа тап болды. Бұл дағдарыс 2007 жылы айқындалып еді. Содан бері көршіміз қателіктің үстіне қателік жасап келеді.

Алдымен сол қателіктердің бірнеше алғышарттарын келтірейік:

1. Ресей нарықтық либералдық, құқықтық , саяси еркіндік жолынан тайды.

2. Империялық әскери-саяси экспансиялық жолды таңдады. Батыс елдері (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) бірлестіктерімен конфронтацияға түсті. Экономиканы милитаризация жолына түсіру, Ресейдің ішкі саясатын тоталдық полицейлік күштік құрылымдардың қадағалау жолына ауыстыру, Ресей экономикасын әкімшілік жолмен бағындырып, әлемдік финанстық-нарықтық принциптерге жүгінбеу белең алды.

3. Ресей идеологиясы – құндылықтар жолынан тайып, ашық шовинизм мен империалистік пиғылға байланып қалды. Алдымен Ресей посткеңестік егемен елдерді бағындырып, оларды КСРО – Ресей империясына айналдыруды көздеді. Бұл мақсатпен Ресей Украинаға ауыз салып, Қырымды тартып алды. Шығыс Украинада жасап жатқан ланкестік әрекеті әлі толастаған жоқ.

Аталған алғышарттар Ресейде нарықшылдар (Кудрин, Набиуллина ) мен нарықсыздар командасы (Катасонов, Делягин, Глазьев) арасында күресті күшейтіп отыр. Путиннің саяси беделі төмендеп келеді. Демек, биліктен нарықшыл (Кудрин, Набиуллина ) экономистер тобы тайып, олардың орнын нарықсыздар командасы (Катасонов, Делягин, Глазьев) басуы мүмкін.

Путиннің билігінің бірнеше нәтижесі бар:

1. Ресейдің геосаяси ықпалы ықшамдалды. Ресей ықпалды «Сегіздікте» мүше емес. Ресей – «изгой» - шапқыншы мемлекет деп аталды. Ресейге экономикалық, финанстық, технологиялық санкциялар салынды.

2. Ресейде протестік потенциал күшейді. Протестік қозғалыстарды бас серкелерінің бірі – Алексей Навальный. Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал.

3. Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнім рейтингінде әлем бойынша 6 орыннан 13 орынға төмендеді. Бұл жағдай Ресейдің кембағал мемлекеттер қатарына қосты. Ресей АҚШ-тың рұқсатынсыз Еуропа құрылығының ортасындағы Украинаның Қырымын тартып алып, Донбаста гибридтік, диверсиялық соғыс жүргізіп келеді.

Ресейге салынған санкциялар Ресей-Қазақстан экономикалық қатынастарының төмендеуіне әкеледі. Бұрын келісілген экономикалық келісімдердің де орындалуы екіталай. Біздің шала білімді аналитиктер мен шала білгір болжаушылар тағы да біздің экономиканы қара жерге отырғызды. Алғашқы АҚШ пен Еуропалық Одақ тарапынан Ресейге берілген санкциялар басталған тұста Ресеймен экономикалық жоспарларды доғару керек еді. Біздің орыстілді және орысшыл өкіметтің экономикалық сектор басшылары әлі Ресейден ат басын тартып, Еуразиялық экономикалық Одақты іс жүзінде доғару керектігін түсінбей отыр.

Экономистер арасында «Ресейді жақын уақытта күйрейді» дейтіндер көп.  Егер де олар айтқандай Ресей күйресе – біздің күйіміз не болады? Ресей құрыса ол қандай аурудан кетеді? Қазақстан Ресеймен жақын жүрді, оның ауруы бізге жұққан жоқ па? Егерде Ресейдің ауруы Қазақстанға жұқса,  онда Ресей мен Қазақстан бір аурумен ауырғаны ғой. Онда екі мемлекеттің зауалы бірдей. Құдай сақтасын!

Әзімбай Ғали

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434