Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2021 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 07:04

Назарбаев 20 қарашада Лиссабонда НАТО саммитіне қатысады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан  Назарбаев 20 қарашада Лиссабонла НАТО саммитіне қатысады, деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне мемлекет басшысының әкімшілігіндегі дереккөз.

«НАТО-ның штаб-пәтерінен саммитке қатысу туралы шақыру келді. Баку қаласынан (18 қарашада ҚР президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысады - ҚазТАГ) мемлекет басшысы Лиссабонға ұшып шығады», - деп мәлім етті дереккөз.

Еске сала кетейік, қазан айында Брюссельге сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев НАТО бас хатшысы Андерс Фог Рассмунсенмен келіссөз жүргізді.

«Біз Қазақстанның НАТО-ның Лиссабондағы саммитіне қатысқаны маңызды деп санаймыз», - деп мәлім етті ҚР президенті журналистерге келіссөздерден кейін.

Лиссабонға Солтүстікатлантикалық альянсқа мүше-мемлекеттердің басшыларынан басқа, НАТО-ның әріптес-елдерінің басшылары да жиналады.

Қазақстанның НАТО-мен қатынастары «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» шеңберінде дамып отыр, Қазақстан жалпы қауіпсіздік мәселелері бойынша ғана емес, республика қарулы күштерін модернизациялау және қайта қаруландыру саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711