Пентагон Солтүстік Кореяға "жүйенің түбіне жететін" қадамдар жасамауын ескертті
АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттистің мәлімдеуінше, Солтүстік Корея "жүйенің түбіне жететін" кез-келген әректтерін және ядролық қару жасауға ұмтылысын тез арада доғаруы тиіс.
"КХДР өз жүйесі мен халқының түбіне жетуі мүмкін кез-келген әрекетін доғаруы тиіс", - деді Пентагон басшысы.
Мэттис Құрама Штаттар мен оның одақтастарының әлемде "ең дәл әрі сенімді қорғаныс және шабуыл мүмкіндігіне ие" екенін ескертті.
Мэттистің мәлімдемесіне қарамастан, АҚШ тұрғындары қауіп әлі сейілмеді деп есептейді. Құрама Штаттар қазір Оңтүстік Кореяда 28 мың 500 жауынгер ұстап отыр. Жапонияда шамамен 54 мың америкалық жауынгер бар. Сонымен бірге ондаған мың америкалық осы екі елде жұмыс істейді.
Abai.kz