Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5093 13 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 11:05

Латынға кезінде қарсы едім, енді ойым өзгерді

Кезінде "қазақ тілі толық үстемдікке жетпейінше, латын қаріпіне көшу ерте" деген пікірде едім. Осы туралы үлкен сұқбат та берген болатынмын. Қазір көп ойлана келе, латынға көшу қажеттігін ұқтым..
Себебі, қазақ тілінің эволюциялық жолмен үстемдікке жетуі тым ұзаққа кететін түрі бар. Ал мемлекет пен оның билігінің өз жігерімен мемлекеттік тіл үстемдігін орнатуға бара алмайтынына көзім анық жетті. Өйткені, халық санының көбеюін күтіп отырғанымызда  тілден өзге менталитетті, болмысымызды жоғалту қаупі төніп келеді.
Жастар да шет елге кетуді көксей бастады (ресми түрде айтылатын патриотизм насихатына нақты өмірдің сәйкес келмеуінен туындайтын психологиялық дискомфорт - отансүйгіштік сезімді жоя бастады).
Сондықтан, қазірден бастап, ұлттық көштің бағытын бұру қажет. Соның бірі - латын қарпіне көшу. Сонда, ілесетіндер - ілеседі, ілеспейтіндер - қалады. Ал, "ілеспейтіндердің" көбі онсыз да шет елге кетсек деп жоспарлап жүргендер!
Сөйтіп, көшті (мемлекеттігіміздің дамуы деп ұғыңыз) бір ретке (шынайы қазақ мемлекеті бағытына бұру деп ұғыңыз) келтірмесек болмайтын түрі бар...

Әбдірашит Бәкірұлы

Facebook-тегі парақшасынан алынды

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475