Жұма, 4 Қазан 2024
Билік 3955 0 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 06:37

Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасының өңірдегі жүзеге асырылу барысын жоғары бағалады

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-минстрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мемлекет басшысы бастамалық еткен тұрғын үй құрылысы дамуының «Нұрлы жер» бағдарламасының өңірдегі жүзеге асырылу барысын жоғары бағалады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен еліміздегі барлық облыс әкімдерінің құрылыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарларының қатысуымен өткен бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша көшпелі жиналыс кезінде Асқар Мамин аталмыш мемлекеттік бағдарламаны орындауда Ақтөбе облысының алдыңғы қатарлы тәжірибесін үйренуді ұсынды.

- Мұнда бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірден кіріскен, алғашқы нәтижесі де көрініп тұр. Барысы, серпіні, жобаның өрістеуі, құжаттаманы дайындау, мемлекеттік органдармен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жасауы, инженерлік коммуникациялар тарту – осы сұрақтардың барлығы іс жүзінде қамтылған, жұмыстың атқарылмаған бөлігі жоқ,-деп атап өтті ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Бағдарламаның ағымдағы жылдың жеті айы ішінде республика бойынша орындалуы туралы ақпаратты ҚР инновациялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚТҚЖБ басшысы Ләззат Ибрагимова мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Құдайбергенов баяндады. Баяндамаларды тыңдап шыққан Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасының өңір үшін және жалпы еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігін атап өтті.

- Экономиканы дәл осындай бағдарламалар арқылы дамыту керек. Көріп тұрғанымыздай, Бердібек Мәшбекұлы өзінің әріптестерімен бірге мемлекеттік бағдарламаны белсенді пайдаланып, дұрыс жұмыс жасауда. Жергілікті жұмыс күші, жергілікті материалдар - барлық әлеует іске қосылуда, яғни барлық ресурстар барынша іске қосылған және экономиканың дамуы да соған сәйкес. (…) Сондықтан әкімдіктердің мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасағандары өте маңызды,-деді Асқар Ұзақбайұлы жиналыс қатысушыларына қарата айтқан сөзінде.

Сонымен бірге, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары жалпы Ақтөбе облысы басшылығының президент тапсырмасы мен қойған міндеттерін орындауда нәтижелі жұмыс жасап жатқандығына назар аударды.

Біздің Ақтөбеде көрген нысандарымыз өңір экономикасының белсенді дамуын білдіреді. Әлеуметтік жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда, мұның бәрі - мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған тапсырмасының орындалуы және Бердібек Мәшбекұлы әріптестерімен бірге осы тапсырмалардың жүзеге асырылуы үшін белсенді жұмыс істеуде, - деді А.Мамин.

Abai.kz

0 пікір