Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Арылу 2700 2 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 15:33

«Нацизм» сөзі үшін қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында жергілікті телеарнадан берілген сюжеттен кейін, қылмыстық іс қозғалды. Онда журналист жергілікті лауазымды шенеуніктің "орыстілді аудитория үшін тақырыпты түсіндіру қызықсыз" деп айтқан сөздеріне қарсы пікір білдірген.

"Рика" телеарнасында жастарды ескерткіштерге құрметпен қарауға шақыратын акцияның өткендігі жөніндегі хабар 18 мамырда эфирге берілген. Ондағы сюжеттің соңғы түйіні әлеуметтік желілерде дауға ұласты. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекцияның аға инспекторы Фархат Досмұратов журналиске "мәселені орыстілді аудиторияға түсіндіріп жату қызық емес" деп жауап берген. Оған жауап ретінде журналист "Сонда сізде "нацизм" болып тұр ма?" деген.

Полицияның хабарлауынша, бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда жергілікті қоғамдық бірлестіктер телекомпанияны жауапқа тартуды сұрайды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, материалды психологиялық-филологиялық сараптамадан өткізу үшін Шымкент қаласына жіберген. Себебі жергілікті сараптаманы Ақтөбеде өткізуге мүмкіндік жоқ екен.

Abai.kz

2 пікір