Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 3647 0 пікір 17 Тамыз, 2017 сағат 10:21

Министр ковбойлар мен түркі батырларының сайысына шақырады

17 тамыз күні сағат 11.00-де Астанадағы «Қазанат» атшабарында Аударыспақтан І халықаралық турнирі шымылдығын ашады. Ал, 21 тамыз күні Көкпардан I Әлем Чемпионаты өтпек. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министр: «Достар, тағы бір қуанышты жаңалық! Ұлттық спортқа жанашыр жанкүйерлерді 17 тамыз күні сағат 11.00-де Астанадағы «Қазанат» атшабарында  өтетін Аударыспақтан І халықаралық ашық турнирдің ашылуына шақырамын! Азия құрылығында қарсылас шақ келтірмей, көп жыл бойы кілең жеңіс тұғырына табан тіреумен келген құрыш білекті, түкті жүректі спортшыларымызға сәттілік тілейік!» деп жазған парақшасында.  

Аударыспақтан өтетін І халықаралық ашық турнирі жалғасын тауып, арты көкпарға ұласпақ. Қазақтың ұлттық спорт ойыны саналатын көкпар сайысында біздің жігіттер ковбойлармен күш сынасатын болады. Министр Мұхамедиұлы бұл жөнінде де кеңірек тоқталып: «Достарым, ұлттық спортты ұлықтау дәстүрін жалғастырып жатырмыз! Ковбойлар да көкпар тартады екен! Түркі жұртына тән ұлттық спорт түрлері мұхит асып Америкаға да жетті. Жамбы атуды еңсерген шетелдіктер енді Қазақ жерінде көкпар тартпақ. 21 тамыз сағ 17.00-де  Астана қаласының «Қазанат» атшабарында Көкпардан I Әлем Чемпионаты ашылады. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған маңызды шараға  әлемнің 12 елінен сайдың тасындай іріктелініп алынған сайыпқырандар қатысады.  Түркі халқының текті батырлары мен Rodeo жұлдыздары 27 тамызға дейін өзара мықтыны анықтайды. Байрақты бәсекеден қалыс қалмаңыздар!» деп қалың жұртшылыққа хабар берді.

Мәдениет министрлігі қазақтың ұлттық құндылықтарын әлемдік деңгейде насихаттауға бел шеше кірісіп жатыр. Әлемнің түпкір-түпкірінен спортшылар шақырылған додаға Қазақстандықтарды министрдің өзінің шақыруы бұрын қазақ қоғамында болмаған уақиға. Бұл біріншіден, біздің ойымызша - "know how". Екіншіден, өзге министрлер үлгі алуға боларлық жайт. Үшіншіден, халық пен биліктің арасын жақындататын қадам. Себебі, кез-келген шараға халықты міндеттеп емес, құрметтеп шақырудың үлгісін Мұхамедиұлы көрсетіп отыр.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435