Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6639 5 пікір 17 Тамыз, 2017 сағат 12:56

Атамбаев билігі Текебаевтан жеңілді

Көп жұрт қырғыздың келесі президенті Өмірбек Текебаев болады деп болжап жүрген. Күні кеше ғана қырғыз соты Өмірбек Текебаев пен Дүйшенқұл Чотоновқа 8 жылдан үлестіріп берді.

16 тамызда Бішкектегі Бірінші май аудандық сотының судьясы Айбек Эрнис уулу Қырғызстандағы оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов сегіз жылға сотталды. Судья жемқорлық айыбы тағылған екі сотталушының да дүние-мүлкін тәркілеу және жазаларын өтеп болғасын үш жыл мемлекеттік қызметтен шеттету туралы шешім шығарды.

(Өмірбек Текебаевтың Алмасбек Атамбаевқа қарата айтқаны)

10 тамызда мемлекеттік айыптаушылар Өмірбек Текебаевты 10 жылға, Дуйшенкул Чотоновты сегіз жылға соттауды сұраған.

Өмірбек Текебаев биыл 26 ақпанда ұсталып, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысына жабылған. Президент Алмазбек Атамбаевтың негізгі сыншысы ретінде танылған Текебаевтың үстінен іс қозғауға ресми түрде ресейлік екі азаматтың арызы себеп болған. Алексей Модин мен Леонид Маевский делдал арқылы Омурбек Текебаевқа бір миллион АҚШ долларын беріп, "Мегаком" компаниясының акцияларын алғандарын мәлімдеген.

Текебаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, елде биыл күзде өтетін президент сайлауы алдында саяси қудалауға ұшырағанын айтады. Тергеу органдары қылмыстық істің нақты айғақтар негізінде қозғалғанын мәлімдеп келеді.

Жә, қырғыздағы сауатты саясаткерлердің дені дерлік Өмірбек Текебаев пен Дүйшенқұл Чотонвоқа тағылған айыптармен келіспейтінін ашық айтып жатыр.

Экс-президент Роза Отынбаев бастаған саясаткерлер бұл сотты "ұр да жық сот болды" деп бағалады.

Расында қырғыз саясатында ширек ғасырдан бері жүрген оппозиция лидері Өмірбек Текебаев Қырғыз парламентінде депутат, вице-спикер де болған.

2010 жылғы төңкерістен кейін 40-қа жуық азамат уақытша өкімет құрып, оның басында Роза Отынбаев, Алмазбек Атамбаев, Өмірбек Текебаевтар болды.

Өмірбек Текебаевтың өзі болса, бұл Атамбаевтың тапсырысы бойынша жүзеге асырылған сот дегенді айтты.

Басқа басқа емес, қырғыз саясаткерлерінің пікірі төмендегідей болды:

Роза Отынбаева, экс-президент:

-Біз әділдік үшін күресіп келеміз. Өмірбек Текебаев нағыз демократиялық қоғамды құрушы күрескер. Өмірбек Текебаевты ешбір дәлелсіз, жалаң айыппен соттап жіберуден саяси астар байқалады. Бұлай болмауы тиіс еді.

Садық Шернияз, Жоғарқы кеңес депутаты:

-Өмірбек Текебаев шындық үшін күресіп жүрген азамат. Нағыз демократ. Ол кісі дәл осы сот жүйесін реформалауды бастаған. Бүгін Текебаевты соттады. Жұрт тыныш отыр. Қырғыз зиялылары неге үн шығармайды. Себебі, үндемесе медаль, орден алады. Үндемесе баласы қызметке тұрады. Сөйтіп. үндемей отыра берейік. Ертең бұлар сені мен мені соттап жатқанда да жұрт үндемейтін болады.

Кенешбек Дүйшебаев, уақытшы үкіметтің мүшесі, генерал-лейтенант:

-Бүгінгі болған жайт өте өкінішті. Біз мұндайды мүлде күтпедік. Осыдан 7 жыл бұрын біз бұл үшін күрескен жоқпыз.

Сөйтіп, Текебаевтың соты - қырғыз тарихында анти-демократиялық әм ұр да жық соттың нағыз үлгісін көрсетті. Бір анығы - Өмірбек Текебаев қырғыздағы президент сайлауының ең басты үміткері еді.

Айтпақшы, Өмірбек Текебаев қамауға алынған уақыттан бері Қырғызстанда бірнеше митинг өтті. Барлығында дерлік Текебаевты босатуды талап еткен ұрандар естілді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434