Құдай қай тілде сөйлейді?
Осы қарапайым сұрақ мені мазалайды. Егер Құдай адамзатты әр түрлі нәсілге бөлсе, қарым-қатынас үшін әр түрлі тіл берсе, өлгеннен кейін сол өз ана тілінде сұралады деген шығар. "Құдай барлық тілді біледі! Оған қай тілде сөйлесең де, сені түсінеді, тек жүрегің таза болса болғаны" деген сөзді 50% ғана қабылдаймын. Әрине Жаратушы түрлі-түстіні, көптікті жақсы көреді делінген. Әйтпесе, барлығымыз бір тілде, бір нәсілде, бір дінде болар едік қой.
Жаратушы ұлт пен тілдерді жаратқаны хақ, алайда өзімнің логикалық тұжырымым бойынша, әр адам өзінің ана тілінде сұралатын сияқты. Кейбір "Critical Thinking" қасиеті дарымаған адамдардың "Құран араб тілінде түсті, яғни Құдай тек араб тілінде сұрайды, қабырда жатқаныңда Нәңкір мен Мүңкір келіп "мән раббук?" (Құдайың кім?), "мән набиук?" (Пайғамбарың кім?), "мән диннук?" (Дінің қандай?) деп сұрағанда, жауап беру керек" деген догматикалық сенімдері бар.
Жақсы, мен түсінермін ол сөздерді. Жаман-жақсы 5 жыл араб тілін оқыдым. Студент кезімде Мысыр мәдениет орталығында "араб күндерін" өткізіп, араб мәдениетін іштей түсінуге тырыстым.
Ал араб тілін білмейтін 6 миллиард халық тозақилық бола ма? Олар Нәңкір мен Мүңкірді түсінбей, "translate please" деп тұрса не істейді? Менің ойымша періштелер-полиглот болу керек. Қытаймен - қытайша, ботсваналықты -ботсванаша, итальянды - итальянша, эскимосты - эскимосша "допрос" жасау керек. Өз ойым енді.
P.S.
Айтпақшы ұмытып барамын, мен адамзаттың пайда болу мәселесінде, мына суреттегі "красавчиктың" үлесі бар дегенге сенемін. Бұл үлкен атамыздан Ұлы Азог руы тарайды. Біз енді сол Азогтың Орта жүзінен боламыз...
Самат Нұртаза
Facebook-тегі парақшасынан