Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 5820 11 пікір 22 Тамыз, 2017 сағат 11:23

Әміржан Қосанов: Қазақтардың үлесінің өсуі – ешкім тежей алмайтын объективті процесс

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы айтқан пікірі қоғамда қызу талқылануда. "Хабар" арнасына сұхбат берген Президент Назарбаев латынға көшу қазаққа ғана қатысты екені, орыс диаспорасы үшін кирилица қатар қолданылатынын айтты.

Сөйтіп, үштілді саясат ұстанатын Қазақстанда екі әліппе бола ма? Біз саясаткер Әміржан Қосановтың пікірін білген едік.

Мемлекетте қазақтардың үлес салмағының өсуі – ешкім де, ешнәрсе де теже алмайтын объективті процесс

Әміржан Қосанов, саясаткер:

- Әрине, орыстілділерге кириллицаны қалдыруды белгілі бір дәрежеде ішкі және геосаяси компромистің бір әдісі деп те санауға болар еді. Бірақ, мәселенің басқа жағын да мойындауымыз керек: бұл идея – латын әліпбиіне көшу идеясын жартыкеш етумен пара-пар!

Мұның өзі қоғамды әліпби мен тіл мәселесінде ғана емес, өркениеттік мәселеде қақ жарады. Олай боларын білгенде тіпті әліпбиді өзгерту мәселесін бұл кезеңде қозғамай-ақ қою керек еді.

Әрине, өз басым қазіргі билік алдындағы саяси диллеманы, тарихи таңдауды да түсінемін: ұлтаралық саладағы ішкі жағдай, көрші Ресейдің геосаяси ықпалы, оған қоса советтік санадан арыла алмай келе жатқан мемлекеттік саяси менеджмент шоғыры секілді мықты факторлар бар.

Бірақ, уақыт бәрін өз орнына қояды: мемлекетте қазақтардың үлес салмағының өсуі – ешкім де, ешнәрсе де теже алмайтын объективті процесс, онымен ертең өзіміздің орыс тілділер де, Кремль де санасуға мәжбүр болады...

Ілияс Ақбай

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322