Жұма, 22 Қараша 2024
Арылу 5784 3 пікір 25 Тамыз, 2017 сағат 10:37

Қазақстан арнасына ребрендингтен кейін ретрендинг керек

Бізді мемлекеттік БАҚ шақыра бермейді.
"Қазақстан" ұлттық арнасының эфиріне бір-екі рет шыққаным рас.
Сондықтан осы арнаның ребрендингінің тұсаукесеріне шақыруын жақсы үрдіс деп біліп, жұртпен бірге қатыстым. Залда тележурналистика ардагерлері мен жас таланттарды, билікшіл БАҚ өкілдері мен балама пікір айтып жүрген қоғамдық пікір лидерлерін көріп, оны да сол үрдістің жалғасы деп санадым. Тәуелсіз ой айтып жүрген тұлғаларды өз бастамасы мен кәсіби шеберлігіне нық сенімді басшылар ғана шақыра алады.

Мемлекеттік арна - тек қана шенеуініктік арна емес, Конституциялық талаптар аясында мемлекетшілдік, ұлтшылдық позиция ұстанған тараптарға да эфир бере алатын арна болуы тиіс деп санаймын.

Қазір қазақстандық БАҚ екі түрлі бәсекені бастан кешіріп жатыр: ішкі және сыртқы.
Ішкінің жайы белгілі, ал сыртқы бәсеке одан анағұрлым қиындау. Мәселе тек қана советтік дәуірден келе жатқан ресейлік БАҚ гегемониясындағы ғана емес. Қазіргі заманғы коммуникация мен технологиялар арқасында қазақстандықтар шетелдің жетекші телекомпанияларын да көріп отыр. Олармен бәсекелесу - кез келген отандық БАҚ-қа - сын!

Мемлекеттік арнаның рейтингі мемлекеттің өзінің рейтингіне тікелей әсер етеді, ал кез келген оқиға не тенденция туралы жан-жақты ақпарат бермей, қоғамдық плюрализмді қолдамай, ондай рейтинг жоғары бола алмайды!

Бренд деген бар, тренд деген бар.

Сәтті ойластырылған, жаңашыл, жүрекке жылы тиіп тұрған ребрендинг, енді, ретрендингке ұласуы қажет деп санаймын. Яғни, қоғам өмірі мен санасы трендтеріндегі өзекті проблемалар мен тақырыптар аясын да кеңейтуге болады деп ойлаймын.
Өз басым мемлекетшілдік тұрғыдан сөйлеп, осы арнаның биік миссиясына атсалысуға дайын екенімді білдіргім келеді.

Әміржан Қосанов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270