Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Алаң 6337 2 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 10:42

Сыра ішіп тайраңдап жүр, қазақтың қаракөздері...

«Бүгін тоңазытқышты ашсам, ішінде сыра тұр, күйеуім «басыңды жаз», - деп қойыпты...», - деді Динара атты бір қыз. Өзі мәз, онысына. Мен болсам аң-таң болдым әлгіге. Әрі қарай кеше табиғатта күйеуімен және оның достарымен дем алып ішкендерін мақтанып айтып жатыр, содан міне әрі қарай бастарын жазып алкогольдік сусындарды кезектесіп, бірлесіп ішкенін бір күшті зат жасап отырғандай жариялап жазып отыр.

Қазіргі қазақ отбасыларына не болған? Отағасы неге бұған жол беріп отыр? Сол әдетті балалары көріп, ертең олар да оны үлгі тұтады емес пе?!  Баяғыдай инабатты, байсалды, дана аналарымыздың қасиеті біздің заман әйелдеріне дарымаған ба?! Ерiне бағынбайтын әйел, кесепатты қыз, кесiрлi келiн. Әйел адам  қоғамдағы өз орнын жазбай танып, әйелдiктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тiрлiгiнен рулы елдiң қамын жейтiн Ел анасы деңгейiне көтерiле бiлген. Қарқабат, Абақ, Шашты, Ұлпан және бiз бiлмейтiн тағы қаншама аналарымыз соның айқын дәлелi.

Әрі қарай басқалары әлі сөзді іліп әкетті. «Мен болсам ішіп жүргеніме бір жұма болды», - деп қарқ-қарқ күледі бірі. Сырттан қарасаң әп-әдемі қыздар, киімдері түзу. Бірақ іс-әрекеттерін көріп, айтқан сөздерін естісең көңілін түсіп кетеді. Далада сыра ішіп отыра береді, ешкімнен сескенбейді, қасындағы адамнан ұят-ау, алкогольдік сусынның жағымсыз исі аңқып тұр ғой  деген ой мүлде ойларына кіріп шықпайды.

Қазіргі заман қыз балаларына алкогольдік сусындарды ішу деген еш бір жағымсыз әрекетке жатпайтын, бір үйреншікті нәрсеге айналып орныққан әбден. Бірақ оны әйел затына ар жағы қандай қатер туғызатының ойласаң жүрегің ауырады... Алкоголь – ес ауыстыратын зат деген мағына береді, ең алдымен мидың қызметін бұзады. Ағзасы алкогольмен уланған қазақ әйелінің әрі қарай тағдыры қандай болмақ?

Қымбат Керейбай

Аbai.kz

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052