Жексенбі, 4 Желтоқсан 2022
3875 0 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 09:57

Ислам Кәрімовтің қызы ЮНЕСКО-дағы елші қызметінен кетеді

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева 28 тамызда Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметінен кететінін мәлімдеді.

Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, 38 жастағы Кәрімова-Тилляева, уақытының басым бөлігін әкесінің атындағы қайырымдылық қорының жұмысына көмектесуге бөлетінін айтты.

"Таяуда уақытымның көбін отбасыма, жеке мақсаттарыма, Ислам Кәрімов атындағы қорға және басқа да шығармашылық, қайырымдылық, мәдени жобаларға бөлуді жоспарлап отырмын. Осыған байланысты елші қызметімнен бас тартып отырмын", - деді Лола Кәрімова-Тилляева Самарқандағы Өзбекстанның ислам мәдениеті және ғылыми мұраларына арналған конференцияда.

Қазір батыс елдерінде тұрып жатқан Кәрімовтің кіші қызы енді Өзбекстанға оралу ниеті бар-жоғын анықтап айтпады.

Ислам Кәрімовтің артында екі қызы - Гүлнара және Лола қалды. Өткен айда Өзбекстан бас прокуратурасы 45 жастағы Гүлнара Кәрімованың "ауыр экономикалық қылмыстар жасады" деген айыппен қамауда отырғанын хабарлаған.

Лола Кәрімова-Тилляева 2013 жылы BBC-ге берген сұхбатында әпкесімен байланысын үзгеніне 14 жыл болғанын мәлімдеген.

Ресми Ташкент Ислам Кәрімовтың қайтыс болғанын 2016 жылы 2 қыркүйекте хабарлаған. Кәрімов дүние салған соң президент міндетін сол кезде премьер-министр болған Шавкат Мирзияев атқарған. Ол 2016 жылы желтоқсанда өткен сайлауда президент болып сайланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2338
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1189
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1426