Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Бірлігіміз жарасқан 3662 0 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 12:25

"Бір шаңырақ астында" фестивалі аясында украин мәдениетінің күндері өтті

Бүгін Павлодар қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында украин мәдениетінің күні өтті деп, хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Т. Шевченко атындағы облыстық украин этномәдени бірлестігі атанды. Фестивалінің қонақтары арасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қала тұрғындары болды.

Қазіргі таңда облыстық украин этномәдени бірлестігі өзінің жұмысы барысында этносаралық қарым-қатынастарды, өңірдегі ұлтаралық бірлікті дамытуға және нығайтуға үлкен үлес қосып келетінін айта кеткен жөн. Украиндықдар, орыстар және белорустар бірге шығыс славяндар тобын құрайды. Украин тілі үндіеуропалық тіл тобының шығыс славян бөлігіне кіреді. Ол үш негізгі топқа бөлінеді: солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс. Тарихтан украиндықтар шығыс-славян тектес тайпадан пайда болған біртұтас ежелгі халықтардан бөлініп шыққаны белгілі.

Украиндықтар өздерінің мәдениетін, тілін, дәстүрлі киім ерекшеліктерін жақсы сақтап қалған халықтың бірі. Дәстүрлі киімдері қолдан тоқылған кенептен жасалған шалбар, жейде, белдеулік және кеуделік киім, сыртқы киім, баскиім, аяқкиім, әшекей бұйымдардан тұрады. Украиндықтар арасында әлі күнге дейін киім-кешек үлгісінде этнографиялық ерекшеліктер кездеседі: дерга (күнделікті қапсырмалы киім), плахта (мерекелік, ашық түсті торлы жүн матадан екі кенептен пішілген, өрнектелген), спидниця (фабрикалық матадан жасалған белдеме), керсетка (шолақ жеңді киім) және т.б. Әйел адамдар білезік, сырға, сақина, мойынға, омырауға тағылатын алқа, моншақ, монеталы алқалар (монисто, дукачи) сияқты әшекей бұйымдар таққан. Бастарына ақ орамал (намитка), баскиім сыртынан байланатын (очипка) киген. Түсі, фактурасы, байлау әдісіне қарай түрлі орамалдар кеңінен таралған. Ер адамдар арасында кең шароварлар, кеудесі ойық, кестемен өрнектелген жейделер кең таралды.

Дәстүрлі тұрғын үйі едәуір көші-қон үдерістеріне қарамастан әлемнің түрлі аймақтарында 20 ғ. ортасына дейін өзінің этнографиялық ерекшеліктерін сақтап қалды. Ол Украинаға тән төмен ұзындау келген, жер немесе саз балшықты едені бар, қабырғасы төрт еңісті шатыры бар үйлер. Қабырғалары қосымша материал: орман ағаштарынан, қаңқадан, тас пен саманнан жасалған. Үйдің ішінің жобасы: үй ортасында үлкен пеш (вариста), бұдан қиғаштап қызыл немесе алдыңғы бұрыш (покут), жаны мен қабырға бойында бекітілген кең орындықтары орналастырылған.

Іс-шара барысында қонақтарға украин мәдениетінің ерекшеліктері жөнінде көп мәліметтер айтылды. Ал этномәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Сергеевич Парипса осы салтанатты күнімен барлық мереке қатысушыларын құттықтап, бірлестіктің жы бойы атқарған жұмыстарына тоқталды. Көрермендер назарына «Свитанок», «Ластивка», «Смерека» вокалдық топтары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушыларының жарқын әндерімен мен билері ұсынылды. Бағдарлама соңында «Менің Қазақстаным» әні орындалды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6210