СҚМУ-нің 8 мамандығы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды; студенттер оның нәтижесімен келіспей отыр
Петропавл. 24 қараша. ҚазТАГ – М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (СҚМУ) сегіз мамандық аттестациядан өтпей қалды, деп мәлім етті ЖОО-ның ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар бойынша проректоры Александр Тукачев.
«Сегіз мамандық бойынша студенттер білімдерін дәлелдей алмады, бірақ бұл мамандықтар жабылады дегенді білдірмейді. 3 айдан кейін қайтадан тестілеу өтеді және барлық мәселе шешіледі. Қайталама тестілеуден кейін қандай да бір мамандықтардың жабылғанын естіген емеспін», - деді А.Тукачев сәрсенбі күні агенттікке.
Оның айтуынша, тестілеуге 1700 студент қатысқан.
Ал осы мамандықтар бойынша тестілеуден өткен студенттер оның нәтижесімен келіспей, аппеляциялық комиссияға шағымданбақ.
«200 адам ппелляциялық комиссияға шағым жазғалы отыр», - деді проректор.
Өз кезегінде СҚМУ проректоры Мүкарам Тайжанова аттестацияның нәтижесі оң болу үшін студенттердің кем дегенде 70% жақсы баға алуға тиіс болатынын жеткізді. Ал студенттер тест сұрақтарының көбі нақты емес немесе бірнеше жауап нұсқасы сәйкес келетіндей болғанын айтып отыр.

«Ұлттық тестілеу орталығынан келген тестілерден мұндайды күтпеп едік, олардағы сұрақтар дұрыс құрылады деп ойлағанбыз. Мүлдем бұлыңғыр сұрақтар болды: 12 жолдан тұратын мәтіннен мәнін тауып алу керек», -деп түсіндірді студент Тамара Гончар.
Осы орайда А. Тукачев «тестілеуге қатысты проблемалардың бәрі мамандықты жабуға еш әсер етпейтін техникалық себептерге байланысты туындаған». «Тест материалында шағын ауытқулар болуы мүмкін, бұл - әдеттегі жағдай, қазір аппеляциялық комиссия жұмыс істеп, балалар шағымдарын жазып жатыр», - деді ол.
«Себепсіз дүрбелең жасалды. Өтініштеодің бәрі қаралады, бұл туралы ұлттық тестілеу орталығына хабарланады. Олар да еш наразылық білдіріп отырған жоқ, қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, жағдайды түзетуге дайын», - деді проректор.