Жұма, 22 Қараша 2024
Көкмұнар 5512 7 пікір 2 Қыркүйек, 2017 сағат 09:47

Трамп Назарбаевпен сөйлесті

Әңгімелесу барысында Дональд Трамп Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтуімен құттықтап, Америка делегациясының осы іс-шараға қатысуының нәтижелерін жоғары бағалады, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Техас штатындағы ондаған адамның өмірін қиған табиғат апатына байланысты көңіл айтып, зардап шеккен аудандардағы инфрақұрылымның тезірек қалпына келуіне және жергілікті халықтың қалыпты тіршілікке қайта оралуына тілектестігін білдірді.

Екі ел көшбасшылары биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі – АҚШ» саммиті аясындағы алғашқы кездесудің Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентіне биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті өтетінін айтты.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Америка қарым-қатынасының жағдайын және оның даму перспективаларын талқылады. Бұл ретте тараптар екіжақты сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаласты.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда биылғы 29 тамызда жұмысын бастаған Төмен байытылған уран банкінің жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығына назар аударды.

Екі ел көшбасшылары Америка-Ресей қарым-қатынастарының жағдайына жеке тоқталды. Қазақстан Президенті Вашингтон мен Мәскеу арасындағы диалогтың жақсаратынына сенім білдірді.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары әңгіме соңында екі жақтың да мүдделі болатын мәселелері жөніндегі тұрақты диалогты қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ жағы бастамашы болды.

Аbai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295