Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 19:04

Үміт Досқалиева.: «Менің інім қылмыскер емес»

Газет редакциясына хат келді. Авторы - Үміт Досқалиева. Тағдырдың тәлкегімен тергеу абақтысына жабылған экс-министр Жақсылық Досқалиевтің әпкесі. Біз бұл хатқа ешқандай түсінік бермей, сәл-пәл граматикалық редакциялаумен жария етуді жөн көрдік.

Біз қыркүйектің 25-і күні жайсыз хабар естіп, не болғанын білейік деп, телефон арқылы Жақсылықпен ха­барлас­қанымызда: «Мен түскі асқа келіп, үйде шай ішіп отыр­мын. Жағдайым жақсы, жұмысым өз деңгейінде. Ме­­нің іш­кен-жегенім жоқ, «финполдың» менде не шаруасы бар?!» - деген еді.

Біз де баспасөзде жария болған бұл хабарды теріске жорыдық. Сол күні Жақсылықтың үйінде менің сіңлім Мария бар болатын. Марияның айтуынша, 25 қыркүйек күні түстен кейін: «Мені финпол шақыртыпты, барып келейін...» - деп, Жақсылық үйден шығып кеткен.

Әлдебір Кенжиннің арызы бойынша «бір коттедж, екі үй сыйақы алған, оны жақындарына берген» деген айып тағылыпты. Ол коттедж 2003 жылы салынған, 2004 жылы тамыз айында біз сол үйде болғанбыз, өте қарапайым, екі қабатты, ішіндегі жиhазы да арзанқол. Есілдің сол жағалауындағы шенеуніктердің зәулім үйлеріне ұқсамайды, ешқандай күзеті, қызметшісі жоқ.

Жақсылықтың ең жақын туысы - біз бес қызбыз. Біреуімізде де басы артық үйіміз жоқ. Кәдімгі 2-3 бөлмелі пәтерде - үшеуміз, жер үйде екі апалы-сіңлілі болып тұрып жатырмыз. Ал Астанадан үй аламыз деген ойдан аулақпыз. Жақсылық министр, депутат болған кезде, оның қызметтік лауазымын пайдаланған емеспіз. Ақтөбеге қызмет бабымен ауысып келгенде, бізге 10-15 минутке кіріп шығатын.

«Республикалық ауруханаға ауыр халде жатыр» дегенді естіп, үш апасы Астанаға бардық. Финполдың күшейтілген күзеті бізді інімізбен жолықтырмады. Тек сырттай «науқасы қалыпты жағдайда» дегенді естіп, Ақтөбеге қайттық.

Қазанның 12-сі күні дәрігерлік сараптаманы тыңдаған сот отырысы кезінде менің жолдасым Жақсылықты көрді. «Менің ешқандай кінәм жоқ. Қызметімді атқарып жүрген жанмын, осындай күйге түстім. 26 қыркүйек пен 12 қазан арасында дәрігерлер жанын салып емдеп, «феталалды клетка» салды. Ал олай-бұлай болып кетсем, «Алғаға» әке-шешемнің қасына жерлерсіңдер», - депті.

Қандай қатыгездік! Жақсылық Қазақстан азаматы емес пе?! Қазақтың дарқан елінде жаны ауырғанда сая таппады! Ол халық жауы емес қой, үкіметтің мүлкі орнында емес пе?!

17 қарашада финполдың жаршысы М.Жұмабай менің ініме тағы екі қылмыстық іс жапсырғаны туралы мәлімдеме таратты. Осыған қарап, бұлардың мақсаты - менің інімді құрту, жоғарыдағы лауазымды адамдардың берген тапсырысы осылай деп есептеймін! Себебі, қазіргі нарық жағдайында, баға күнде құбылып тұрғанда, сол заттарды сатып алатын тікелей жауапты адамдар бар емес пе? Әрі сол мүлік медицина саласына сатып алынған ғой - үйіне емес!

Ал жуықта теледидарда жедел жәрдем ауруханасының атына мақтау сөздер айтылды. Озық технология енгізілгенін, тіпті ұшақ қонатын алаң салынғаны туралы, 10 жедел жәрдем көлігі алынғаны туралы, олардың «ОБСE» саммитіне қаты­сатын адамдарға қызмет көрсетуге даяр екенін мәлімдеді. Сонда қалай болғаны? Егер аурухана талапқа сай салынбаған болса, қалай қызмет көрсетіп жатыр?

Финпол сойылын соғатындай, 65 жастағы Кенжин деген кім? Меніңше, бұл істің артында жоғары биліктегі топтың ықпалы мен тапсырысы бары анық. Әйтпесе финпол жан ұшырып, менің інімді қаралайтын материалдар іздемес еді. Бұл - нағыз қудалаушылық!

Қазір финпол коррупциямен күресті желеу етіп, үлкен лауазымды ел азаматтарын отырғыза бастады, бұл жоғары билікті қорқыныш пен үрей билеп, елде әділетсіздіктің бет алып бара жатқанын көрсететін сияқты. Ел аузында айтылып жүргендей, жоғарғы элиталық топтардың билікке таласып жатқаны рас болғаны ғой. Сонда бұқара халықтың мұң-мұқтажы мен жағдайын кім тыңдайды?!

Егер кемшілігі болса, бес-алты жыл өткен соң, жала жауып қазбалағанша, уақытында айтып жөнге салмай ма? Бұл жағдай - отбасы, ағайын-туысы үшін үлкен қасірет! Осы жағдайымызды қарапайым халық түсінер деп ойлаймын.

Ақтөбе қаласы

«Общественная позиция» ( «DAT» № 42 (79)  24 қараша 2010 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608