Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 7449 13 пікір 3 Қыркүйек, 2017 сағат 21:16

Құлсары жастарын соғысқа дайындап жатыр ма?

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласының 5-ші ықшамауданның артында орналасқан, кеңес кезінде құрылысы бітпей тұрып қалған тастанды ғимаратты бір орыс азаматы заңдастырып, ойын алаңын ашып алған. Ойын болғанда сиялы оқпен атысып соғысу.

Сонда бұл - жастарды соғысқа дайындау ма? Қару ұстап мылтық атуға баулу ма? Онсыз да келісіп тұрғанымыз шамалы. Кім ондайға рұқсат берген? Әркім ойына келгенді істеу - Құлсары қаласында қарыштап дамыған, ол жағынан бәйге бермеске айналғанбыз. "Ойын" деген атаумен ойыны осылғырлар тиын жасауда. Кім бұл "сұмойнақтың" тұсауын кескен? Және бұл жерден жақында ойын қарулары ұрланыпты...

Бұл - халықтың жанайқайы, бұл мәселеге бей-жәй қарамау керек. "Кәсіпкерлікті қолдау" бұлай жүзеге аспайды. Мұндайларды ойлап тапқандар кәсіпкерлер емес, бұларды қой терісін жамылған шибөрі алаяқтар десе де болады. Бір адам байып, қалғаны соның төңірегінде опат болатын болса, онда салығын төлеп қойып, ашықтан ашық апиын сатайық, үйлесе ме - осы? Ойланыңдар, ел билегіштер!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357