Сенбі, 23 Қараша 2024
4412 0 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:04

Өзбекстан мың қаралы адамды "қара тізімнен" шығарды

Өзбекстанда 16 мыңға жуық адам діни-экстремистік ағым мүшелері ретінде тұрған "қара тізімнен" шығарылған.

Мұндай мәлімет қыркүйектің 1-і күні ел президенті Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы жетекшілігі, жергілікті белсенділер мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен Ташкенттегі Хазрати Имам (Хастимам) кешенінде өткен кездесуде айтылған. Аталған кешенде Ислам өркениеті орталығы құрылмақшы.

Тәуелсіздік күні мейрамына байланысты сөйлеген сөзінде президент Мирзияев: "Біз білместігі мен өмірлік тәжірибесінің жоқтығынан деструктивті идеялар мен ағымдардың жетегіне еріп, тура жолдан адасқандардың дұрыс өмірге оралуына үлкен мән береміз. Біз егер ондай адамдарды "жаман" санап, пейіл бөлмей, көмек қолын созбайтын болсақ, онда олар қоғамнан аласталған күйінде қалады деген өмір ақиқатын ешқашан ұмытпауға тиіспіз" деп мәлімдеген.

Биылғы шілденің соңында Азаттық радиосы Өзбекстанда құрамына жергілікті әкімшілік пен құқық органдары өкілдері енген топтар биліктің бақылауындағы адамдардың үйлерін аралап, олармен "әңгіме өткізгеннен" кейін төрт мыңнан аса мұсылман Өзбекстан күштік құрылымдардың "қара тізімінен" шығарылғаны туралы хабарлаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354