Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 10299 9 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 15:34

Мьянма қырғыны...

 

Оңтүстік Шығыс Азия аумағындағы Үндіқытай түбегінде орналасқан Мьянма Одағында жантүршігерлік сұмдық оқиға болды. Халықаралық ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, Мьянмада 400 мұсылман аяусыз қырғынға ұшыраған. Ресми Нейпидо (Мяньми Одағының астанасы) таратқан хабарға қарасақ, рохинжа-мұсылмандары полицейлерге қатарынан бірнеше мәрте шабуыл жасаған көрінеді. Қарулы қақтығыс тілеп қағынған жайт 25 тамыздан бері көрініс тауып жатса керек. Мьянма әскері «рохинжа-жасақтары» 90  рет бүлік шығарды деп отыр. Сол істің ақыры әлгіндей болған. Рохинжа-мұсылмандары қазір Бангладешке бас сауғалап босу үстінде. Өйткені  жергілікті полиция мұсылмандардың ізіне түсіп, қысымға алуда. Қытайдың Синьхуа агенттігі Нәф өзенінен өтерде 40 адам суға кетті деп жазды.

Рохинжалар – бұлар этникалық бенгал-мұсылмандар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын ала Ағылшын өкіметінің пәрменімен Ракхайн штатының Аракан аймағынан қоныс тепкен мұсылмандардың қарасы жарты миллионға жақындайды. Олардың дені Мьянма Одағының азаматтығын алып үлгермеген тұрғындар.

Тұтас жаһандануға бет алған бүгінгі адамзат қоғамы үшін геноцид, жаппай қырып-жою әрекеті болып табылатын шетін оқиғаға байланысты әзірге халықаралық беделді ұйымдар нақты мәлімдеме жасай қойған жоқ. Алайда, жекелеген тұлғалар Мьянмадағы ахуалға қатысты пікір білдіре бастады. Соның бірі Түркия Республикасының президенті Тайып Ердоған. Ол Мьянмадағы жайтты «мұсылмандарға қарсы жасалған геноцид» деді. Ердоған Мьянма қырғынын БҰҰ деңгейінде талқылап, пәрмен етуге уәде беріп отыр. Ал, Чешенстан Республикасының жеткешісі Рамзан Қадыров болса, құқыққорғау ұйымдары мен халықаралық қоғамдастықтарды айыптай келіп: «Чешенстанда біреу түшкіріп қалса, мәлімдеме жасауға дайын отыратын елдердің көсемдері неге үнсіз? БҰҰ-ның Бас хатшылығы Мьянма билігін сынаудың орнына Бангладештен босқындарға пана беруді сұрауда. БҰҰ-ның Адам Құқығы бюросы тіпті жұмсарып, Мьянма билігінен әлеуметтік желілердегі ұлтаралық дау-жанжалды тоқтатуды сұрап, өтініш жасауда. Осының өзі күлкілі емес пе?» - дегенді айтты. Мьянма қырғыны туралы ҚР Сенатының төрағасы, кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев та үнсіз қала алмады. Ол  Тwitter-дегі парақшасында: «БҰҰ жазықсыз мұсылмандардың жапа шегіп, репрессияға ұшырауына байланысты БҰҰ тиісінше шұғыл мәлімдеме жасауы керек» деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Мьянма 2012 жылға дейін әскерилердің билігінде болған ел. 2012 жылы билік басына келген Аун Сан Су Чжи ханым билікті азаматтық қоғамның қолына алып бергені үшін Нобель сыйлығымен марапатталған болатын.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257