Сенбі, 10 Мамыр 2025
5025 0 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 11:36

Азиада үшін Ашхабадтың мыңдаған тұрғыны баспанасыз қалды

Түркіменстан билігі V Азия ойындары қарсаңында Ашхабад тұрғындарынан үйлерінен мәжбүрдеп шығарып жатыр, деп мәлімдеді Түркіменстанның адам құқықтары жөніндегі бастамасы және Хьюман Райтс Вотч.

"Азия ойындары үшін Ашхабадты мәрмәр қалаға айналдыру мақсатында мыңдаған тұрғындарды үйлерінен қуып жатыр. Халықаралық жарыс бар болғаны 10 күнге созылады, ал үйсіз қалғандар жылдар бойы қиналады", - деді ұйымның атқарушы директоры Фарид Тухбатуллин.

Түркіменстан үкіметі үйлерін қуылғандарға өтемақысын дұрыстап төлеп беруі тиіс, деп есептейді адам құқығын қорғаушылар.

Баспаналарын өз еркімен босатып беруден бас тартқан ашхабадтықтар әділ сот таппады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2007
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3007