Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2541 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 10:09

Кәсіпкерлер үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Алматы кәсіпкерлері үкіметті салық органдарының «шектен шығушылығын» тыюға шақырды. Жұма күні ҚР жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова «Атамекен» кәсіпкерлер одағының конгресінде осындай мәлімдеме жасады.

«Атамекен» 192 бапты (ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы «жалған кәсіпкерлік» - ҚазТАГ) алып тастау бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын білеміз. Бірақ бұл жүзеге асқанша бір-екі жыл өтеді. Біздің кәсіпорындардың көбі банкротқа ұшырайды. Мынадай ұсыныс бар: салық комитетінің шектен шығушылығын тоқтату керек, кәсіпорындар банкротқа ұшырағанда сотсыз, талқылаусыз олардың есепшоттарын жауып тастайды да, кәсіпорын тұралап қалады. Бұл үшін күшті шешім қабылдау керек», - деді Л. Худова.

Бұл ұсынысты қатысып отырған кәсіпкерлер қол соғып, «дұрыс» деп айқайлап, қолдайтындарын білдірді.

Салық комитеті бүгінгі күні «кәсіпорындарды есепшоттарды жабу туралы ескертпелерінің астында қалдырды», деді Л. Худова.

«Бәрі (проблема – ҚазТАГ) геометриялық прогрессиямен өсуде. (Салық комитеті - ҚазТАГ) бір кәсіпорын – жалған кәсіпорын (деп танылады - ҚазТАГ), одан кейін жүздеген басқа кәсіпорындар кетеді. Бұл – шектен шығушылық», - деді ол.

«Атамекен»ҰЭП ҚР бас прокуратурасына және жоғарғы сотқа Қылмыстық кодекстен 192 бап – «Жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастауды, ҚР Жоғарғы сотының сәйкес мәселелер бойынша 2009 жылдың 12 қаңтарындағы №1 нормативті қаулысының күшін жоюды сұрап, хат жазған болатын. Хаттың мәтініне сәйкес, бір тұлғаның жалған кәсіпкерлік тұлғасы деп танылуы аталған тұлғаның басқа кәсіпорындармен келісімшарттарының бәрін автоматты түрде заңсыз етеді. Осының нәтижесінде шынайы жағдайларға қарамастан, толықтай заңды келісімшарттар адал кәсіпкерлер үшін қаржылық және салық санкцияларын салуға алып келеді.

Бұл құқықтық қайшылық мыңдаған кәсіпкерге кесірін тигізді. «Атамекен» ҰЭО мәліметтеріне сәйкес, 400-ге жуық субъект жалған кәсіпорын деп танылды. Олармен келісімшарттар жасасқаны үшін 14 мыңнан аса кәсіпорын жауапқа тартылып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588