Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4095 0 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:59

Алматы облысында үздік жас отбасыны анықтады

Талдықорған қаласы, «Ерасыл» демалыс орнында «Мәңгілік ел –мәңгілік отбасы» облыстық жас отбасылар байқауы өтті. Биылғы жылы «Мәңгілік ел –мәңгілік отбасы» байқауы алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын сақтай отыра, достығы ұйыған отбасыларды жан- жақты насихаттау, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған.

Салтанатты рәсімді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен адал жеңіс тілесті. Қатысушылар «Отбасылық эстафеса», «Кәнекей балақай», «Жүйрік болсаң, озып көр»,   «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» «Таныстыру» «Өнерліге өріс кең» секілді кезеңдерден сынға түсіп, өз бақтарын сынады. Жарыстың нәтижесі бойынша бас жүлдені Какимовтар жанұясы ( Қаратал ауданы)  иеленді, 1- ші орынды Тұрысбековтар (Кербұлақ ауданы) , 2- ші орынды Тауырбековтар жанұясы ( Жамбыл ауданы) болса 3- ші орын Маратовтарға (Сарқан) ауданы иеленді. Ең үздік жас отбасыға үй жиhазын сатып алуға 200 000 теңгелей сыйлық және қалған орындарға тұрмыстық теxника берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563