Сенбі, 23 Қараша 2024
Рухани жаңғыру 2828 0 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 15:10

Экономика емес, жетістікке алдымен ұлттық сана жетеді

 

Елбасымыз мазмұны мемлекеттік бағадарламаға татитын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген болатын.

Рас, бұрын техиника, экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда мәселенің денін ұлттық сана шешеді деген ақиқатқа көз жеткізіп отырмыз.  Егер халық өте білімді болса, ол кез келген ортаға да, заманға да бейімделіп кетеді екен.  Сондықтан бірінші жетістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады.

Рухани жаңғыру Қазақстанда тек бүгін басталып жатқан жұмыс емес. Ол жөнінде Президент:

«Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз» , - деді.

Заманауи Қазақстанда қазір білім мен ғылымға көп көңіл бөлініп жатыр. Таяудағы он жылда өмір салты түбегейлі өзгереді. Елбасы бұған дайын болу керектігін ескертті. Сондықтан ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу керек. Себебі бұл – табыстың кілті, озық зерденің басты көрсеткіші. Президенттің айтуынша, жаңғырған қоғамның  өзінің рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Ал, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Тағы да Елбасының өз сөзіне жүгінейік:

«Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».

Мақалада руханиятты қайта түлету көзделген. Ол үшін мемлекет басшысы бірнеше бастама көтеріп, жобалар ұсынды. Соның бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Ұлт жанашырлары мен қоғам белсенділерінің пікірінше, біздің қоғам мұндай үрдіске дайын. Оның үстіне өскелең ұрпақ латын қаріптерімен таныс. Аға буын өкілдеріне де латын қаріпі еш қиындық тудыра қоймайды. Ұлттың рухани жаңғыруының бір бастауы ,міне,  осында жатса керек.

Тынысбек Шәріпұлы, ҚР ҰҒА академигі

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396