Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің алтыншы кезеңі өтіп жатыр
Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің алтыншы кезеңі Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр. АҚШ-тың Иран делегациясының қатысуына қарсылығына қарамастан, америкалық өкілдер де Қазақстан астанасына келді.
Бұл жиын женевалық келіссөздерден бөлек, БҰҰ-ның қамқорлығымен өтіп жатыр. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі сарапшылар Ресей, Иран және Түркия қарулы күштерін деэскалация аймағына орналастыруды талқылап жатыр деді. Бұл келіссөздер негізінен қауіпсіз аймақтағы операцияны реттеу және Идлибті бақылау күшін құрылымдауға арналған.
Ресей өкілдері Мәскеу Идлибте соғысты тоқтатуды бақылауға алу үшін әскер орналастырғысы келетінін айтты. ТАСС агенттігі дереккөзіне сүйене отырып, Ресей мен АҚШ Астанада екіжақты келіссөздер өткізіп жатыр деп хабарлады.
Астанаға Ресей тарапынан Сирия жөніндегі президент өкілі Александр Лаврентьев келсе, АҚШ-тан мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилд келген. Осының алдында ресейлік өкілдер БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен сөйлескен.
Abai.kz