Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3750 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 03:31

Есеп Түгелов. Мигранттар сор ма, әлде қор ма?

Ресей орталық банкінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында осы елде жүрген өзбек мигранттары өз отандарына 993 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты аударыпты. Шамамен бір өзбек мигранты үш айда еліне 633 доллар ақшаны аударатын көрінеді. Жылына, орташа есеппен, Ресейде жұмыс істеп жүрген өзбек ағайындар үйлеріне 3 миллиард доллардан астам қаражатты аударатын болып отыр. Бұл тек ресми деректер бойынша!

Ресейден шетелге ақша аудару бойынша бірінші орында алпауыт Қытайдың мигранттары тұрған көрінеді. Қытайлық гастарбайтерлер елдеріне үш айдың ішінде 1,089 миллиард доллар аударыпты (шамамен бір жұмыскер еліне бірден 10 мың доллардай қаражат аударады).

ТМД елдерінің ішінде Ресейден ақша аудару бойынша екінші орында тәжік ағайындар орналасқан. 2010 жылдың үшінші тоқсанында тәжік мигранттары отандарына 756 миллион доллар (бір адамға шаққанда 404 доллар) қаражатты аударыпған екен. Олардан кейін қаржы аудару бойынша Украина - 606 миллион доллар (625 доллар), Армения - 348 миллион доллар (677 доллар), Қырғызстан - 334 миллион доллар (396 доллар), Молдова - 261 миллион доллар (591 доллар), Әзірбайжан - 252 миллион доллар (680 доллар), Қазақстан - 290 миллион доллар (741 доллар), Беларусь - 57 миллион доллар (407 доллар), Түрікменстан - 10 миллион доллар (584 доллар) елдері орналасыпты.

Байқап отырғанымыздай, Орталық Азия мигранттары өз отандарына қомақты қаражат аударады екен. Алайда, бір адамға шағар болсақ, олардық тапқандары әзірбайжандық және славяндық мигранттар біршама төмен екен. Қазақстандықтар көрші елдер сияқты Ресейге миллиондаған-мыңдаған мигрант жіберіп отырған жоқ. Біздің пайымдауымызша, Ресейден Қазақстанға жылына 1 миллиард доллардай қаражат аударылады. Еліміздегі орыстілділердің саны 23 пайыз құрайтынын естен шығармайық. Орыстілділердің жастары негізінен Ресейге барып білім алуға, сол жақта жұмыс іздеп, сол жақта қалуға құмар екені анық. Сондықтан бұл соманы негізінен туған-туысқандарға көмек көрсету деп түсінген дұрыс болар.

Өз кезегінде, ТМД елдерінен Ресейге де қомақты қаражат аударылатын көрінеді. Ресей мамандары ТМД елдерінде жоғары жалақы алатын жұмыс орындарын иеленеді. Қазақстаннан Ресейге оқуға не жұмыс атқаруға кеткен балаларға ата-аналары, туыстары қаржылай көмек көрсетеді. Бұл қаражат, әрине, банк жүйесі арқылы қозғалысқа түседі. 2010 жылдың үшінші тоқсанында тек қана Қазақстаннан Ресейге 181 миллион доллар қаражат аударылыпты. Шамамен бір адамға шаққанда 1 мың 144 доллар. Бір жылдың ішінде бұл сома 1 миллиард долларды құрап қалатын сияқты.

Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560