Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 12:05

Гүлнар Ахметова. «Астық одағы» қашан құрылады?

Осыдан екі жыл бұрын Ресейдің сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі Алексей Гордеев астық өндірісі мен оның саудасын бақылайтын халықаралық ұйым құру жөнінде ұсыныс айтқан еді. Алайда оның сөзіне құлақ аспақ түгіл, нарықтағы ірі ойыншылар өре түрегелді. Сондағы уәжі мынадай –  ОПЕК-ке мүше елдерде мұнайды өндіру мен сатуға мемлекеттік монополия орнатылған. Сондықтан үкімет кез келген уақытта «шүмекті жауып», мұнай  бағасын реттей алады. Мемлекеттік монополия ішкі нарықта да төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Астық нарығында мұндай тәсіл қол емес. Себебі бұл салада жекеменшік компаниялар үстемдік құрады. Олар үкіметтің айтқанына көне қоймайды. Ал экспортты шектеу өндірушінің шекесіне барып тиеді. Міне, содан бері екі жыл өтсе де, бұл түйіндердің ешқайсысы  шешілмеді. Базардағы құбылмалы баға өндірушілер мен саудагерлерге қатты әсер еткені сонша, олар енді нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін халықаралық ұйымға бірігуді өздері қолдап отыр.

Сол себепті 6-7 маусымда Санкт-Петербургте өтетін Дүниежүзілік астық форумының маңызы ерекше болмақ. 65 елдің ауыл шаруашылығы министрлері, халықаралық ұйымдар бас қосатын жиынды сарапшылар Давостан артық түспесе, кем түспейді деп отыр. Жалпы, басқосудың Ресейде өткізілуі тегін емес. Терістік көршіміз астық экспорты жөнінен АҚШ, Канада және Еуроодақтан кейін төртінші орында. Алайда ірі бәсекелестеріне қарағанда, Ресейдің егістік алқабы мол. Бұл – ауыл шаруашылық өнімдеріне басымдық беру арқылы көмірсутегі шикізатына тәуелділіктен арылтатын бірден-бір жол.  Өйткені болашақта ауылшаруашылық өнімдеріне, оның ішінде дәнді-дақылдарға деген сұраныс көбейеді. Қазір жер бетінде бос жатқан құнарлы алқап азайды. Ал тұрғындардың саны жыл сайын өсіп келеді. 1900 жылы жер бетінде 1,6 млрд, 1980 жылы 4 млрд адам өмір сүрсе, қазір 6,7 миллиардтан астам халық бар. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылы жер бетіндегі адам саны 9 миллиардқа жетеді. Оған қоса, биоотынға деген сұраныстың артқанын ұмытпаған жөн.
Ресейдің өзінде былтыр 108 млн тонна астық жиналды. Бұл 18 жылдан бері қол жетпеген рекордтық көрсеткіш. Қазір астықтың бағасы көмірсутегі құнына жетеқабыл. Мұнайдың тоннасы 364,6 доллар болса, бидайдың тоннасы – 180-200 доллар көлемінде. Әйтсе де, мәселе тек бағада емес. «Қара алтынды» шартты түрде байларға арналған тауар десе, бидай – кедейдің азығы. Көмірсутегін тұтыну дамыған елдерге тиесілі болса, азық-түлікке деген сұраныс Азия мен Африкадағы дамушы елдердің үлесінде. Сөз арасында айта кетейік, Ресей астығы көбіне Египет, Тунис, Алжир, Мароккоға жөнелтіледі. Ал бұл елдер соншалықты бай емес. Егер соңғы жылдары қаржы саласындағы алыпсатарлардың «жәрдемімен» мұнай бағасы шарықтаса, астыққа келгенде мұндай әдістің «қолы жүрмейді». Кедей елдер оны үш-төрт есе бағамен сатып ала алмайды.
Астық нарығының тағы бір ерекшелігі – жыл сайын құны өзгеріп отырады. Бір қарағанда, бағаның шарықтауына барлық негіз бар. Алайда халқы көп негізгі тұтынушылар – Азия мен Африка елдерінің мүмкіндігі шектеулі. Нәтижесінде, нарықта астықтың көп мөлшері қалады. Баға құлдыраса, инвестиция азаяды. Нәтижесінде, егістік жердің көлемін кемітуге тура келеді. Биыл да осы үрдіс қайталанды. Өткен жылғы мол өнім бағаны құлдыратты. Сондықтан Ресей Астық одағының төрағасы Аркадий Зерновой жоғарыда аталған түйткілдерді Петерборда өтетін форумда шешу қажет дейді. Сарапшылардың пікірінше, өндірушілер, тұтынушылар және халықаралық ұйымдардың күшін біріктіргенде ғана тығырықтан шығар жол табылады.
Жуырда РФ ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Александр Петриков Ресей, Украина және Қазақстан астық пұлын құрып, әлемдік нарықтың 25 пайызын иелене алады деген болатын. Бірақ бұл 10-15 жылға арналған жоспар. Әзірге ортақ қазандағы әр елдің үлесі де белгіленген жоқ. «Мұндай одақ құрудың маңызы сол – үш ел бірігіп, шетелдік бәсекелестерге төтеп бере алады» деп отыр.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 6 жылдан бері елімізде жиналған астықтың жалпы көлемі 5,4 миллионға артқан. Рекордтық көрсеткішке (20,1 млн т) қол жеткізген 2007 жылды алсақ, осы жылдар ішіндегі өсім 36,7 пайызға көтерілді. Астық жинауда Қостанай облысы (30,7%), Солтүстік Қазақстан (29,2%) және Ақмола облыстары (19, 3%) алдыңғы қатарда. Дәнді-дақылдардың басым бөлігі бидай үлесінде – 80,5 %. Жылына 13,5-20,1 млн бидай алынады. Бұл ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3-ші орынды иемденуге мүмкіндік береді. Экспортқа орта есеппен 2,8-7 млн тонна бидай шығарылады. Кейбір сарапшылардың болжамына сенсек, 22-28 млн тонна астық өндіруге еліміздің шамасы жетеді.

«Алаш айнасы» газеті, 05.06.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475