Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 5881 46 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 09:39

Президент Назарбаев: Алматының жағдайы Қырғызстан мен Тәжікстаннан 5 есе артық

 

Алматы қаласы мен Алматы облысында жұмыс сапарымен болған Президент Назарбаев қорытынды мәлімдеме жасады. Қортынды мәлімдемесінде мемлекет басшысы бір ғана Алматының экономикалық жағдайы көршілес елдерден бірнеше есе артық екендігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарын қорытындылап, Алматы қаласы мен Алматы облысының ахуалы жөнінде айтты. - Алматы қаласы әкімдігі жұртшылықпен бірлесіп, инфрақұрылымды жүйелі түрде жақсартуға, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды табысты атқарып жатқанын атап өткім келеді. Панфилов, Жібек жолы көшелеріне кешенді қайта жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілердің серуендеуіне арналған алаңдар жасақталды. Сондай-ақ, қаланы көгалдандыру, арық жүйесін толық жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қалада екі аудан - Алатау және Наурызбай аудандары құрылды. Бизнеспен айналысу үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қазір мұндағы кәсіпкерлердің белсенділігі арта түсті. Жалпы, Алматы ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, еліміздің әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполисіне айналды. Тәуелсіздік жылдарында қала экономикасы қарқынды түрде өсіп, жоғары көрсеткіштерге жетті. Маған ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бүгінде Алматы экономикасының көлемі Грузияның ішкі жалпы өнімінен 2 есе, ал Қырғызстан мен Тәжікстаннан - 5 еседей артық. Бұл - тек қаланың ғана емес, жалпы еліміздің табысты дамуының көрсеткіші. Қазір Алматы республикалық бюджеттің доноры болып саналады. Ол республика бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың үздік көрсеткіштеріне қол жеткізіп отыр, - деді Елбасы. Бұдан бөлек, Елбасы Алматы облысында да көп жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Соның ішінде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы озық қарқынмен жүзеге асырылуда. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік-транзит салаларында айқын байқалуда. Соңында Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысының өркендеуіне және одан әрі дамуына тілектестік білдірді.

Abai.kz

 

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351