Жерлеу кезінде дәстүрлі жоқтауға тыйым салмақ
Тәжік қоғамы жерлеу рәсімін өткізу және аза тұту тәртібі туралы жаңадан енгізілген ережені қызу талқылап жатыр.
Енді аза тұту рәсімі кезінде қатты айқайлауға, шашына топырақ шашуға, өз киімін жыртуға, бетін тырнауға және жоқтау айтушыны шақыртуға тыйым салынады. Марқұмның туыстарына жылауға рұқсат етіледі, бірақ олар айқайлап жыламауы керек.
Жерлеу рәсімін өткізу тәртібін Тәжікстан исламтану орталығы, Үлемдер кеңесі және Дін істері жөніндегі комитеті анықтаған. Әзірге бұл құжат кеңес беру сипатына ие, бірақ әдетте елде мұндай тәрізді құжаттар сақталуы міндетті тәртіпке айналып кетеді.
Abai.kz