Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6058 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 09:22

Алғадай Бекбатыр. Қазақ баласына қандай ат қояды?

Асылында, қазақтың діншілдігінен ырымшылдығы күшті. «Жаман ырымға бастамай отыр», деп тыйып тастағанымен, алғашқы да іші иланып кеткен соң артынан «қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» өзін жұбатады. Ал, жақсы ырымға жан-тәнімен сенеді және сол сенімі алдамайды. Қазақ баласына ат қоюда да ырымдайды. Кей отбасыларда бала тоқтамаған кезде шақалағының атын Тоқтар, Тоқтаған деп қойса, кейде мұндай ырымшыл есімдерді үш-төрт баласына дейін созады. Мысалы, бір үйдің Аман, Есен, Тұрар, Мекен есімді балалары бар. Көзімізбен көрдік. Ұрпақтың амандығын жанының саулығынан жоғары қоятын қазақ әйгілі «Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың есімдері секілді бүртүрлі ат та қояды. Ондағысы тіл-көзден аман болсын дегені.

Қазақ үшін ұлдың орны бөлек болатыны аян. Өмірге ат жалын тартып мінер ұл келсе, қолындағы барын шашып, той қылады. Ұзақ жылдар ұл көрмесе, отағасының қабағы түсіп, бәйбішесі өзін тап бір соған кінәлі адамдай сезініп жүретінін өскен ортадан талай көрдік. «Жаратқанның жазғаны ғой» дейтін қазақ тағы да ырымдап бұрымды қыздарының есімін Ұлбосын, Ұлтуған, Ұлту деп қояды.

Сөйткен, қазекем, табиғатпен бірге жасасып соның бір ажырамас бөлігіндей өмір сүргенін және айнала қоршаған туған даланың сұлулығын да балаларының есімдеріне береді. Еділ, Алтай деген есімдер соған куә. Ал, қазақ қыз баланы жатжұрттық санап мәпелей өсіріп, жер бетіндегі сұлу дүниенің атын қыздарына қойған. Қырмызы, Күнсұлу, Аймөлдірлер соның айғағы. Бұл өз кезегінде қазақтың жаны сұлулыққа, әдемілік пен үйлесімділікке аңсар екенін көрсетеді және мұнда да қазақтың ырымшылыдығының табы жатыр.

Замана, қоғам ыңғайына қарай да қойылған есімдер қазақ арасында жетерлік. Негізінде, кез келген қоғамдық, саяси жүйе адамдардың санасына, жүйкесіне әсер ететіні анық. Мысалы, 19 ншы ғасырдың соңындағы қазақ қоғамындағы ислам дінінің күшті әсері сол тұстағы адамдардың есімінен танылғандай. Ол кездегі екінің бірінің аты Құраннан алынып қойылған. Және пайғамбарлардың, әулие-әмбилердің де аттары жиі кездеседі. Ибраһим, Мұхамедқанафия, Досмұхаммед, Мұстафа сынды есімдер ескі заманның естелігі.

Сонымен бірге, өткен ғасырдың аласапыран уақытында қызылдардың «құдайы» жасаған кезеңде қазақтың есімі де өзгеріске ұшырады. Совхозбек, Съездбек, Мэлс, Пионер сияқты тізе берсең кете беретін есімдер ұлттық санамызға отаршылдықтың қаншалықты қатты соққы бергенінен хабар береді.

Бірақ, қазақ қашанда өз ортасынан шыққан ұлт тұлғалары мен игі-жақсылардың жолын ұрпағыма берсе, ол да елі үшін еңіреп өтсе деп ырымдаған. Сол ырым мен ізгі тілек соғыс жылдары Қасым, Бауыржан, Мәлік есімді балаларға қойылса, алпысыншы, жетпісінші жылдардағы төлдер Мұхтар, Олжас атанды. Сұм соғыстың аяқталуын аңсаған ел тағы да соған ырымдап қарадомалақтарына Жеңіс деген ат берді.

Кейін келе заман ауысты. Тәуелсіздік жылдары қазақ балаға ат қоюда өзінің әдетіне басып еліктеп бақты. Батыс пен славияндықтардың неше түрлі есімдері қазақ балаларын тегінен, өзінен ажыратып жібергендей болған. Араға уақыт салып Нұрсұлтан атты балақайлардың легі келді өмірге.

Оның сыртында қоғамды елеңдеткен кейбір оқиғаларға қатысты да ат қоятындар табылды. Оңтүстікте Дағдарыс деген баланың бар екені бұған дейін айтылған. Енді міне, елі іші - ендігі балалардың аты Саммитхан, Саммитек, Азиада болар деп мысқылмен миығынан күледі.

Қазақ ішінде балаға есім беруде жүлгесі үзілмей келе жатқан бір дәстүр бар. Ол - батырлардың аты. Райымбек, Баян, Наурызбай, Ерасыл деп келетін ныпсылар бүгінде қазақ баласына көптеп қойылады. Онда да ырымдап батыр, елді де, қолды да бастайтын ер болсын деген тілекпен қойса керек. Ал, ырым мен тілектің ар жағында адамның өзі де сезе бермес ұлттық жан мен сананың қалауы жатады. Қазақ қай қоғамда да ұлттық жаны қысылып, рухы жабырқаған кезде Құдайдан батыр тілейді. Әр заманның өз батыры болатыны тағы рас... Үш нүктені оқырманға қалдырдық.

Өткенде «Ел боламын десең, есіміңді түзе» деген мақала жарық көрген. (http://old.abai.kz/content/symbat-syluova-el-bolamyn-desen-esimindi-t-ze) Сондағы кестеге қарағанда, қазір қазақ қыздарына Аружан, Аяулым, Кәусар ал, ұлдарына Ерасыл, Нұрасыл, Әлихан деген есімдермен қатар Әмина, Мәдина, Ислам дегендей діни есімдерде көптеп қойылатынын көрдік. Бұл дегеніңіз, қазіргі қазақ арасында 19 ншы ғасырдың аяғы мен 20 ншы ғасырдың басындағыдай әсіре діншілдік әсер етіп жатқанын көрсетеді. Есесіне, Аяулым, Кәусар ныпсыларының көптеп қойылуын - бүгінгі адамдардың бойынан ізгілік пен мейірімділіктің аздығынан және қоғамда етек алған түрлі озбырлық пен жемқорлықтан, адам қасиетінің азайғанынан жаны мен санасы шаршағандықтан әділдік пен мейірімді, ізгілікті күткен жанның түпкі қалауы деп түсіндік.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053