Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3893 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 04:10

Мекемтас Мырзахметұлы, профессор: «Жолбике дін иелері – уаһабшылар...»

Бауыржан және мен

Биыл сексеннің сеңгіріне шығып отырсыз. Өкініп, «әтте­ген-ай» дейтін тұстарыңыз көп пе, әлде көңіліңізді жай таптыратын естеліктеріңіз мол ма?

- Сексеннің сеңгіріне келсем де, өткенімді ойға алсам өкініп, опынған уақытым, «әттеген-ай» дейтін тұстарым басым екен. Мен және менің замандас­тарым қайталанбас саяси әлеуметтік, сапырылысқан қоғамдық құбылыста ғұмыр кешіппіз. Біздің дүниетанымы­мызды сол қоғам ұстанған атеистік, материалистік таным қалыптастырды. Өйткені басқаша қалыптасудың жолы да жоқ еді. Бұл жолға салынғанда халықтық тарихи жадымыздан, ұлттық дәстүр, салт-сана, руханият жағынан жұрдай болып, басқыншы халыққа табынып мәңгүрттенген қалпымды кеш аңғар­дым! Бұдан өткен өкініш, бұдан өткен «әттегенайлар» бола қоймас. Заман ағы­сы мені де, менің құрдас замандастарымды да да өз қақпақылына салды. Ол ағыстан тыс қала алмадық. Осы себептен болса керек, мен 10 класта оқып жүргенде-ақ партия қатарына өтіп, әділетті, бақытты жолға түстім деп ойла­ғандықтан, сол жылы «Бес жылдықты төрт жылда» деген тұңғыш өлеңімді жаздым.

- Тақырыбынан да албырт аңғал­дық бой алдырған кеңестік иіс сезіледі екен...

Бауыржан және мен

Биыл сексеннің сеңгіріне шығып отырсыз. Өкініп, «әтте­ген-ай» дейтін тұстарыңыз көп пе, әлде көңіліңізді жай таптыратын естеліктеріңіз мол ма?

- Сексеннің сеңгіріне келсем де, өткенімді ойға алсам өкініп, опынған уақытым, «әттеген-ай» дейтін тұстарым басым екен. Мен және менің замандас­тарым қайталанбас саяси әлеуметтік, сапырылысқан қоғамдық құбылыста ғұмыр кешіппіз. Біздің дүниетанымы­мызды сол қоғам ұстанған атеистік, материалистік таным қалыптастырды. Өйткені басқаша қалыптасудың жолы да жоқ еді. Бұл жолға салынғанда халықтық тарихи жадымыздан, ұлттық дәстүр, салт-сана, руханият жағынан жұрдай болып, басқыншы халыққа табынып мәңгүрттенген қалпымды кеш аңғар­дым! Бұдан өткен өкініш, бұдан өткен «әттегенайлар» бола қоймас. Заман ағы­сы мені де, менің құрдас замандастарымды да да өз қақпақылына салды. Ол ағыстан тыс қала алмадық. Осы себептен болса керек, мен 10 класта оқып жүргенде-ақ партия қатарына өтіп, әділетті, бақытты жолға түстім деп ойла­ғандықтан, сол жылы «Бес жылдықты төрт жылда» деген тұңғыш өлеңімді жаздым.

- Тақырыбынан да албырт аңғал­дық бой алдырған кеңестік иіс сезіледі екен...

- Бұл кезде мен екі жасымда әкем­нен, он алты жасымда шешемнен айы­рылған тас жетімнің өзі болатынмын. Аш, жалаңаш болып, тырмысып жүріп, жоғары оқу орнында оқып, өмірге жолдама алған жігіттік кезімдегі менің қалпым осы болатын. Бұл өкініш пе? Әри­не, өкініштің көкесі болатын.

- Осы жылы қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы­ның да жүз жылдық мерейтойы сіздің сексенге толуыңызбен қатар келіпті. Осыншама жасқа келсеңіз де, батырдың мұрала­рын жинап, жүгіріп жүргендігіңіз артыңыздан ерген жастарға сын емес пе?

- Бауыржан Момышұлының 30 том­дық шығармалар жинағын шығаруға атсалысу - менің Баукең аруағы алдын­дағы азаматтық, туыстық борышым болатын. Өйткені ұлтымды, өткен тарихымды сүйіп, қайта қалыптасуыма Бау­кеңнің ықпалы аса зор болды. Бұл міндетті менің артыма ерген жастар орындай алмайтын екі түрлі себеп бар. Біріншіден, Баукең мұрасы өте күрделі, астары қат-қабат болуының үстіне, ол мұраны мемлекет қаржысынсыз жүзеге асыру - өте қиын шаруа. Оның қапысын тауып, қи­сыннан қиыстырып алып шығудың жолы екіұдай еді.

Екіншіден, Баукең мұрасы Мәскеудің әскери мұрағатында, батырдың баласы Бақытжанда, менің қолымда және Бау­кеңнің қанды көйлек майдандас досы жазушы Дм.Снегинде, қалғаны мұрағатта, т.б. кісілер қолында жатты... Әрі олар­дың басым түрі арабша, латынша жазумен хатқа түскендіктен, оқуға даяр­лығы жоқ жастарға қиын соғуы себепті артымнан ерген жастарға сын айта алмаймын. Енді Баукең мұрасы толық түрде басылым көрмесе де, 30 томдық арқылы жас ұрпақтың қолына жетті. Енді осы мұраны жан-жақты терең танып, «Бауыржантану» саласына атсалыспаса, жастарға елеулі түрде сын болмақ.

Абай және жаңа таным

- Қалың қазақ сізді абайтанушы ретінде де жақсы біледі. Ұлы Абайдың бізге әлі де беймәлім тұстары бар ма?

- Абай мұрасының бізге беймәлім, жұмбақ тұсы ақын мұрасының шығысқа қарым-қатынасын анықтауда жатты. Бұл сала 1949 жылғы СОКП ОК-нің космополитизм туралы қаулысынан кейін мүлде зерттелмей, ақтаңдақ күйінде қалды. Бұл саланы тек ұлы Мұхтар ғана көтеріп, өз ой байламын тезистері арқылы біздерге меңзеп кетті. Ол заманда қылышынан қаны тамған идео­логиялық саясат Абай шығысын зерттеу­ге тыйым салды. Осы себепті бұл сала мүлде қолға алынбады десек, еш­кім де дау айта қоймас. Міне, Абайдың жұмбағы осы салада жатыр... Ол - толық адам туралы ілімі. Осы ілімнің бүгінде кірер есігін ғана ашып, ойшыл ақын танымының кең сарайын аралап, танып білу міндеті алдымызға қойылып отыр. Абайтанудағы ендігі жаңалық осы саладан ашылмақ. Абайтанудағы бей­мә­лім тұстар да осы салада жатыр. Бұл сала ғылыми негізде толық ашылмай, абайтану өрістеп кете алмайды. Тіпті қазірдің өзінде бұл салаға үнсіз қар­сылық барлығы жасырын сыр емес.

- Ұлы ақынды кришнаит етіп ғылыми еңбек жазғандарға қарсы күрестіңіз. Олар неге Абайды «меншіктегісі» келді? Бұдан олар не ұтатын еді?

- Абайды танып білу жолында әр кезде-ақ идеялық шабуылдардың болып өткенін көреміз. Мысалы, 1923 жылдан басталып, ұлы ақынның жүз жылдық мерейтойына дейін тұрпайы социологиялық, формалистік, компоративтік танымдар шабуылы болып өтті. Тіпті, кейде Абай мұрасы керексіз мұра ретінде терістеліп те жатты. Кеңестік идеология материалистік, атеистік дүниетаным тұрғысынан Абайды атеист, материалист ретінде насихаттап келсе, бүгінде тәуелсіздікке қолымыз жеткенде, Абайды кришнаит­тық таным тұрғысынан танытуға ұмтыл­ған ағым келді. Ол ағымның Абайды «меншіктенуге» ұмтылу себебі біздің ойсанамызды қазақтың «қырық жамау көрпешесіндей» қызылды-жасыл етіп бөлшектеу мақсатынан туып отыр.

Қазір Қазақстандағы 48 діни конфессия өкілдерін біз шақырған жоқпыз ғой. Олардың бізге келгендегі мақсаты не? Оларды жан ұшырып қызмет еттіретін, жылына оларға астыртын келетін миллиондаған долларды кімдер жіберіп жатыр? Аса қызу түрде жүргізіліп жатқан әрекеттердің астарында қандай мақсат жатыр? Діннен бөлінген халық­тың басы ешқашан да бірікпейді. Ең қауіпті мәселе осы арада жатса керек.. Ойлансақ, осыны ойланайық!

- Ал Абайдың «кришналығы» тұрғысындағы әңгімеге қоз­дырушылардың мақсаты не болды?

- Кришналық жолды ұстанғандардың Абай мен Мұхтарды «меншіктегісі» кел­гендегі мақсаттары - қазақтарды өздері ұстанған ағымға нандырып, кришналық жолға түсірудің ең ұрымтал тұсы Абай мен Мұхтардың дүниетанымын кришнаиттер ұстанған ведалық ілімнің тұр­ғы­сынан насихаттап, баяндау арқылы сің­діру.

Өйткені бүгінгі қазақ қауымының Абай мен Мұхтарды өздерінің рухани әле­мінің темірқазығы ретінде ұстанатын та­нымын олар жақсы біліп отыр. Осы себепті Абай мен Мұхтар мұрасын, олар­дың дүниетанымын кришнаиттік таныммен үйлестіре көрсету арқылы соған нандырып, өздерінің қатарына тар­ту. Қазірдің өзінде неше мыңдаған қазақтарды кришна қатарына ендіріп жіберді - олар жүргізіп отырған криш­на­­­иттік насихаттың нәтижесі осы емес пе?

Абай, Шәкәрім мұрасындағы сопы­лық танымға, түп иені танып білуге ұм­тылған жантану іліміне жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келе жатқан уаһабиттер де қырын қарауда. Түркіс­танның пірі атанған Яссауиді құр­меттеу­шілерді «Аллаға серік қосу» деп тыраштана терістеумен бірге біздің ға­сырлар желісінде қалыптасқан ұлттық құнды­лық­тарымызды да терістеп, өзде­рі ұстанған жолбике «дінге» өздері ұс­тан­ған жат қалыпқа салуға ұмтылуда. Абай, Шәкәрімді, тіпті жаңа пайғамбар жа­саушы ахмадиа бағыты да жарнама ре­тін­де пайдалануда. Бәрінің мақсаты - біздің рухани тұтастығымызды бұзу.

Уаһабизм және жастар

Қазақтың төл мәдениеті талан-таражға түскендей әсер қалдырады. Әртүрлі діни ағымдар ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді жою мақсатын ұстанғаны жиі-жиі байқалып жүр...

- Қазақтың төл мәдениеті ұлттық дәстүр, салт-санасын, әдет-ғұрпын, яғни басты ұлттық құндылықтарын істен шығарып, санадан өшіруі, халықтық тарихи жадымызды шайып, мәңгүртке айналдыру - елімізді жаулаған, рухани жағынан отарлаған қас-дұшпандардың оспадар қаскөйлігі деп ұғыну керек.

Өйткені тарихқа көз жіберсек, жеті рет біздің қасиетті атажұртымызды, жерімізді жаулап, отарлауға ұмтыл­ғандардың әрқайсысы-ақ ділімізді, дінімізді, тілімізді өзгертіп, екі рет халқымызды маргиналды санаға ұрын­дырған қытай, парсы, грек, араб, қал­мақ, орыс отаршылдары, ең ақыры, бү­гінгі жолбике дін - уаһабшыларға дей­ін бәрі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құнды­лық­тарының, ұлттық дәстүрлерінің тү­біне жетуге, жоюға ұмтылып келгеніне тарих куә.

Халқымыз өз дінін, ділін, тілін, ата дәстүрін сақтау жолында арыстандай алысып, күресіп келеді. Бүгін де, ер­тең де бұлардан бізді сақтайтын күш - соларға қарсы рухани күрес қана! Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Дінді шаншып істікке» жем үшін сатылғандардан пәтуа шықпасы шындық қой.

- Қазіргі қазақ ортасында салафиттік бағыттағы дін деген тағы бар...

- Салафиттік танымды ұстанған, яғни білместен адасқан немесе жемге сатылғандар бүгінде әлсіреген діни өмірімізді ала тайдай бүлдіріп бара жатқан уаһабиттер мені ғана емес, бәрімізді де өз қатарына тартуға ұмты­луда. Ол үшін уаһабшылардың кім еке­нін, қандай мақсат көздейтін тарихи тамырын біліп, тегін тектеп, ислам дінін бүлдіру үшін ХVІІІ ғасырда ағылшын отар­шылдары қолдан жасаған уаһабизм ағымының болмысын, бет-бейнесін, көздейтін мақсатын жете танып, әш­кере­леп отыру - міндетіміз.

- Жастар қатерлі ағымдардың бар екенін білгенмен, олардың қайдан келіп жатқанынан хабарсыз... Экстремистік секталарды кімдердің бастап жүргенін біле бермейді...

- Мысалы, елімізде дендеп бара жатқан уаһабтық ағымды ХVІІІ ғасырдың басында Ұлыбритания отаршылдық істер министрлігі құпия жоспармен жасаған. Ағылшын жансыздары арқылы уаһабизм ағымын қолдан жасап, ислам дінін іштей ірітіп, жою мақсатын жолға қойды. Мұндай жікшіл ағымның басында арабтардың Бәни Тамин тайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдул-Уаһаб (1711) ағылшын тыңшысы Хемпермен танысып, соның тұзағына түседі. Ағылшындар Уаһаб бастаған бұл ағым­ның ықпалы жүре бастаған соң, оны сая­си құрал ретінде пайдаланып, ол ағымға дем беріп, басқа елдерге таралуын тікелей қолдап, көл-көсір қаржы бөліп отырды. Өйткені отаршыл ағыл­шындар арабтарды жаулап алысымен, мұсылмандардың рухани жағынан іштей монолитті тұтастығын білген соң, оларды бодандықта ұстап тұрудың қиынға соғарын көрді. Көрді де, ол рухани тұтастықты арабтардың қолымен іріткі салып, ислам дініне лаң салуды қолға алды әрі бұл әрекетіне мемлекет қар­жысын аямай төкті. Бүгіннің өзінде елімізге уаһабтық және т.б. христиан­дық жолбике дінсымақтарды тарату жолына әр жылы сырттан 12-13 млрд доллар төгілуде.

Абдул Уаһабтың исламға лаң сал­ған ісі қатерлі әрі зиянды екенін білген оның туған әкесі мен інісі Сүлеймен уаһаби­лерге қарсы бағытталған «Алла­ның найзағайы» деген кітап та жазды. Өмер Бегтің «Уаһабиліктің басталуы және таралуы» (Алматы, 2002 ж.) деген кітабында: «Абдулуаһаб... өзінің жал­ған идеяларына мұсылмандарды сен­діру үшін Құран кәрімнің «Ахқап» сүре­сінің 5-, «Жүніс» сүресінің 106- және «Рағд» сүресінің 14-аяттарын дәлел ре­тінде қолданады және бұларға ұқсас басқа да аяттарды келтіреді. Бірақ бұл аяттардың барлығы пұтқа табынушы мүшріктер мен кәпірлерге ғана қатысты түскендігін тәфсір ғалымдары бірауыз­дан дәлел­деген», - деп жазылған.

Мәселенің негізі, яғни Абдул Уаһабтың жұртшылықты адастырып жүрген лаңы Құранда Аллаға серік қосу туралы түскен жоғарыда атап көрсе­тілген аяттардың мұсылмандарға емес, пұтқа табынушыларға арналған­дығын әдейі шатастыруында жатыр екен. Бұдан шығатын қорытынды - мұ­сыл­мандарды пұтқа табынушы кәпір­лерден ажырата білу керек. Қазақ уа­һабит­те­рі­нің әулие-әнбиелерге, аруақ­қа, қа­зақы ұлттық құндылықтар мен ұлттық дәс­түрлерге өлердей қарсы болып, олар­­ды айтсаң, «Аллаға серік қо­сасың», - деп, жұртты үркітіп жүруінің түп-тамыры осындай жалған танымнан шығып жүргенін білу керек. Біріншіден, қазақтар әлімсақтан бері - мұсылман, оларды пұтқа табынушы мүшріктер деп насихат жүргізу - барып тұрған адасу­шылықтың өзі болып тұр.

Екіншіден, қазақтардың әулиеге, аруаққа, пайғамбарларға тілек етіп, олардың қабірлеріне зиярат етуін «Аллаға серік қосу» деп шуласады. Қазақ бір іске кіріскенде: «Құдай оңдап, аруақ қолдап», - деп, алдымен Жаратушы Иеге сыйынып, аруақты уәсила, яғни себепші ретінде ұғынатыны анық көрініп тұр.

Құранның «Маида» сүре­сінде «Ей, мұсылмандар! Алла тағаладан қорқың­дар және оған жақындау үшін уәсила іздеңдер», - дейді емес пе? Қазақ жұрты осы танымды дәстүрлі таным ретінде ғасырлар бойы ұстанып келсе, осы ұлттық дәстүрді уаһабшылар қол­данудан алып тастауға жанталасып жатыр.

Түрік халықтары әрі олардың қарашаңырақ иесі қазақтардың ата-бабалары монотеистік әһли кітапты ұстанған иудаизм, христиан, мұсылман діндерінен ондаған ғасыр бұрын монотеистік тәңірлік дінді ұстанған халық екенімен санаспай бола ма екен?

Мен фанатик, діндар адам емеспін. Дін атаулыны оның пайда болу, даму тарихын ғылыми және теологиялық таным тұрғысынан тануға ұмтыламын. Іштей рухани жағынан тазару жолында Абайдағы «иманигул танымын» ұстана­мын. Мұсылман адам алдымен сыртқы көрінісін ғана емес, ішкі рухани көрінісін саф таза ұстауы керек. Абай сөзімен айтсақ:

«Бастапқы үшті бекітпей, соңғы төртті

Қалағанменен татымды бермес жеміс».

Өйткені «Абайдың бастапқы үшті» деп көрсетіп отырғаны иманигүл, яғни үш сүю, ал «соңғы төрті» деп атап отырғаны - ораза, намаз, зекет, қажылық. Осы себепті де Абай:

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған, - деген түпкілікті ой байламына келгендік­тен де:

Саяз түзер сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін дағы тереңінде, - дейді.

Жастар және ұлттық құндылықтар

- Ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жолы нендей?

- Тарихқа назар салып ойлайықшы. Не себепті отаршылдар, мысалы, VІІІ ғасырдағы арабтар, ХVІІІ-ХХ ғасырлар­дағы Ресей отаршылдары қазақ хал­қының ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпына, тілі мен діліне, дініне өлердей қарсы болып, оны жою үшін күресті. Ертеде қытай отаршылдары: «Көшпелі түрік халықтарын жаулап алуға болады, бірақ олардың ұлттық дәстүрін бұзу мүмкін емес», - деп қараған еді.

Ал Ресей империясы бізді жаулаған­да, отарлаудың ғылыми негізге құрыл­ған тәсілдерін қолдану арқылы біздің рухани әлемімізге қол салды. Яғни қазақтарды ислам дінінен шығарып, шоқындырып, орыстандыру саясатын ұстанды. Кеңес Үкіметі халықтар достығы саясатын жамылып, Ресей отарлаған 194 ұлт пен ұлысты бір ұлтқа, бір тілге айналдыру саясатын жөн деп тапты.

Мысалы, қазақ халқының ұлттық дәстүрін, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпын феодалдық-байшылдықпен айыптап, оларды жоюды мақсат тұтты. Отарлаудың ең сұмпайы түрі «сквот­терство­лық» әдіске қол артты. Ұлттық рухты, ұлттық сананы өшіруді қолға алды. Қазақтың ұлттық өзегін жоюға кірісті. Тіпті қазақтың ғасырлар бойғы күнкөрісі - жылқыны жоюға айрықша мән берді. Мысалы, казак атаманы Рябушкин: «Бұл қазақ дейтін атқа мінсе жынданып, есерленіп кетеді. Ешкімге бағынбайды. Қазақты бағынышты ұстау үшін, аттан айыру керек. Қазақ қалай аттан айырылады - бұдан бағынышты, бұдан момақан, бұдан сорлы халық жоқ», - десе, генсек Н.С.Хрущев осы сырды білгендіктен, жылқыға жауша тиіп, шошқа мен жылқы етінен «халықтар достығы колбасасын» жасау әрекеті, яғни жат пейілді көрсетпей ме?

Кеңес үкіметі тілімізді, ділімізді, дінімізді әлсіретіп, ұлттық құндылық­тарымызды да істен шығарды. Ал енді жолбике дін иелері - уаһабшылар келіп, олар да қазақтың ғасырлар бойы қалып­тасқан ұлттық әрі діни әдет-ғұрыптарына шабуыл жасауда. Себебі, біздің рухани тұтастығымызды бұзу, мемлекет саясатына зиян келтіру арқылы сырттан қаржы құйып тұрған алпауыттардың мақсатын орындауға, ата жолымыздан тайдыруға қызмет етуде.

Осы себепті біздер ұлттық құнды­лықтарымызды сақтап, олардың әрбір әрекетіне ғылыми, теологиялық таным тұрғысынан талдау арқылы жауап беруге міндеттіміз.

Ұлттық құндылықтардың мән-мағы­насын жете танып, рухани тұтас­тығы­мызды сақтаудың жолдарын жастарға насихаттап, санасына сіңіріп отырудың қажеттілігі күн тәртібіне қойылуға тиіс.

- Бүгінде ұмыт болған, бірақ мағынасы терең дәстүрлердің бірін айтып бере аласыз ба?

- Қолданыстан шығып қалған ұлттық дәстүрлеріміз баршылық. Мәселен, «қынаменде» сөзі Абайдың атақты «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» деген өлеңінде:

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз таныстыр - қызыққа

жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде, жар-жар мен

беташар бар,

Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл, -деген өлең жолдарында бір-ақ рет аталып өтетіні бар. 1968 жылы шыққан «Абай тілі» сөздігінің 419-бетінде «Қына­менде - күйеуді қалыңдықпен алғаш рет кездестіру кеші, ойын-сауық», - деген толымсыз анықтама беріліпті, бірақ бұл анықтама көне дәстүр ұғымының жадымыздан шайылып өшіп кеткен сөздердің біріне жатады.

Шындығында, қына­менде - құда түсу, қыз ұзату, құда күту тойы кезінде келін алуға келген құда­ларға қатысты ауыл жастарының әзіл-қалжың тұрғысынан жасалатын іс-әрекеттері.

Ресей империясы барлық түрік халықтарын отарлап, шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын ұстануы себепті әрі Кеңес үкіметінің осы саясатты халықтар достығы түрімен бүрке­мелеп жүргізуі - біздің көптеген ұлттық әдет-ғұрып, салт-санамызға, халықтық тарихи жадымызды өшіріп жіберді. Солардың бірі қынаменденің де санамыздан өшіп кетуі себепті оны біздер, аға ұрпақ, ұмыттық.

Әңгімелескен Арман ӘУБӘКІР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 43 (80) 01 желтоқсан 2010 жыл

Түпнұсқадағы тақырып:"Ұлттық құндылық - ұлағаттың ұлысы"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377