Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды
Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Facebook әлеуметтік желісінің белсендісі Санжар Керімбайға сілтеме жасай отырып.
Бұл жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жекпе-жектің 1905 жылы болғаны айтылады. Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-житсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды. Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып, жұлып алады, дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.
Көріп отырғандарыңыз - Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. Ұзақтығы 20-ақ секунд. Видеода Саракикидің Қажымұқан бабамызға қандай соққылар жасағын көруге болады. Тарихта палуан бабамыздың жекпе-жектен жарақат алғаны белгілі. Ал жеңіліс тапқан Саракики көз жұмған.
Abai.kz