Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5362 0 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 11:59

Түркіменстан тәуелсіздік мерекесін атап өтуге дайындалып жатыр

Түркіменстан билігі жабық кеңістікте жекпе-жек өнері бойынша V Азия ойындары аяқтала салысымен, тәуелсіздік күнін атап өтуге дайындалып кетті. Қазіргі уақытта жаппай мерекелік шаралар өткізу үшін дайындық жұмыстарын жасап жатыр.

27 қазанда Түркіменстан тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтеді. Осыған орай мектеп мұғалімдері ұйымдастыру шараларын жүргізу үшін қазан айының екінші жартысынан бастап сабақтан толық босатылады екен. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметіне мектеп мұғалімінің бірі хабарлап айтты.

Түркіменстан астанасының орталық алаңында өтетін үлкен шараға қатысушыларға да арнайы біртүсті киім киіп баруды тапсырған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, мемлекет басшысы тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтуді тапсырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548