Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 3698 0 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 20:02

Н.Нығматулин: Заңда бюджеттің игерілуіне байланысты қатаң бақылау көрсетілу қажет

Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Спикері заң жобасының бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға және бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға бағытталғанын алға тарта келіп:

-Бізге нақты нәтиже керек. Ол тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, ауруханалар салу. Сонда ғана Елбасының бөлінген қаржылар экономиканы дамытуға, азаматтарды жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеу керектігі жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырамыз,-деді Н. Нығматулин.

Заң жобасында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестілігін арттыру,   есепке жазу әдісімен бюджеттеуді біртіндеп енгізу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты реттеуді күшейту, ІТ-жобаларын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін  құру, дамыту үшін қажетті құжаттаманы дайындау рәсімдерін оңайлату бағыттары бойынша түзетулер қамтылып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377