Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4475 0 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:15

Атамбаевтың Өзбекстанға сапары барысында шекараны белгілеу толық аяқталуы мүмкін

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға сапары барысында шекараға қатысты маңызды құжаттарға қол қояды. Бұл жөнінде қырғыз президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субақожоева мәлімдеді.

Оның сөздерінше, мемлекеттік шекара және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірнеше маңызды құжаттарға қол қояды.

Осыған дейін Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен 5-6 қазанда Ташкентке баратыны хабарланған.

2 қазанда Қырғызстан президенті қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы жөніндегі екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына қол қойған. Үкіметтің мәліметі бойынша, келісімде жалпы шекараның 1378 шақырымының 1170-сі анықталған. Яғни 85 пайызы аяқталған деген сөз.Ал қалған 15 пайызы, дәлірек 208 шақырым жер жыл соңына дейін нақты шешімін табу керек.

Қыркүйек айының басында Шавкат Мирзияев ресми сапармен Қырғызстанға барған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593