Сенбі, 23 Қараша 2024
3845 1 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:25

Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" Мәскеуге жіберіледі

Сейсенбінің кешінде Алматыдан отыз шақырымдай жерде апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағының оқиға орнынан табылған ақпарат құрылғыларына сараптама Мәскеу қаласында жасалады. Бұл туралы апат себебін анықтау жөнінде құрылған арнайы комиссияның жетекшісі, Қазақстанның инвестиция және даму министрінің орынбасары Роман Скляр хабарлады.

"Апат орнынан табылған объективті ақпарат құралдары ТМД елдерінің мемлекетаралық авиация комитетінің (Мәскеудегі - ред.) зертханасына жолданады", - деді Скляр.

Ресми мәлімет бойынша, 3 қазанда Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан Ан-28 ұшағы сағат 18:47 кезінде радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ Алматыдан 28 километр жерде, Іле ауданындағы Междуречинск ауылының маңынан жанып жатқан күйі табылған. Ұшақ электр бағандарының сымдарын үзіп барып құлаған.

Ұшақта экипаж капитаны Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин және авиатехник Бейшибек Ахматбаевпен бірге Шымкентке ауыр науқасқа медициналық көмек көрсетуге бара жатқан мамандар – акушерлік ісі ғылыми орталығының акушер-гинекологы, профессор Талғат Патсаев пен кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының реаниматологы, профессор Жәнібек Артықбаев болған. Ұшақ апатынан бесеуі де қаза тапқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379