Сенбі, 23 Қараша 2024
Болған оқиға 3663 0 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 12:53

Путиннің туған күніне орай орыс оппозициясы сыйлық жасады

 

Ресей қалаларында 7 қазанда оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акцияларына шыққан 290 адам ұсталған. "ОВД-Инфо" жобасы құрастырып, жариялаған тізімге осыншама адам енгізілген.

Ұсталғандар саны бойынша Санкт-Петербург қаласы бірінші орында – 68 адам. "Открытая Россия" қозғалысының екі белсендісі Андрей Пивоваров пен Василий Кунин дүйсенбіге қараған түнді Санкт-Петербургтегі полиция бөлімшесінде өткізген. Навальный штабының белсенділері Михаил Сосин мен Денис Михайловтың әрбіріне рұқсат етілмеген наразылық акциясын ұйымдастырғаны үшін 20 мың рубльден айыппұл салынған.

Санкт-Петербургте сонымен бірге Георгий Албуров басқаратын Жемқорлыққа қарсы күрес қорының зерттеу бөлімінің қызметкерін ұстап, "балағаттағаны" үшін 500 рубль айыппұл салғаннан кейін оны босатқан.

"ОВД-Инфо" есебі бойынша, Ярославль қаласында полиция қарсылық шеруінен 57 адамды ұстаған. Шеру өткізу ережесін бұзу және полицияның бұйрығына бағынбау айыптары тағылған олардың кемінде төртеуі түнімен полиция бөлімшесінде болған. Қарсылық акциялары өткен қалалардың көбінде ұсталған адамдарды кейін полиция ешқандай хаттама толтырмастан қоя берген.

Кеше Ресейде 7 қазан, президент Владимир Путиннің туған күніне орай қарсылық акциялары өткізілді. Оларды оппозициялық белсенді Алексей Навальныйдың жақтастары ұйымдастырған. Келісім берілмеген акцияға жұртты шақырғаны үшін сот шешімі бойынша 2 қазаннан бері әкімшілік қамауда отырған Навальныйдың өзі "асығыстау" ұйымдастырылғанына қарамастан наразылық акцияларының нәтижесі "жақсы" екенін айтып, Мәскеуде бұл жолғы шеруде полицияның ешкімді ұстамауын "Кремльдің ойыны" деп атаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454