Құл-Керім Елемес. Дін біріктіре ме, іріткі сала ма?
Мемлекеттің Конституциясы - оның ішкі-сыртқы қорғанының кепілі. Өйткені, онда мемлекеттің күллі қозғалысының, мысалы, ел бағытының, саясатының, Президенттің халықты басқаруының, оның құқықтық көлемінің, халық құқының тағысын-тағыларының тұтас формуласы анық көрсетілген болады. Күллі мемлекетке тән барлық жүйе, тәртіп сол заңдағы белгіленген тәртіп пен жүйеде көрсетілген баптар бойынша әрекет етеді. Дұрыс. Дұрыс болатыны - мемлекет онсыз өмір сүре алмайды.
Ал, бірақ сол - мемлекеттің Ата Заңының өзі мемлекеттің кейбір маңызды, өте маңызды істеріне, өзінің мемлекет болып баянды тұруына ауыр нұқсан келтіретін нәзік мәселелерге, әрекеттерге кеңінен жол берсе, оны өзі заңдастырып қойса, оған халықта қайтіп сақтану мен қарсы тұру болмақ?
Мәселен, еліміздің Ата Заңында: «Республика азаматына ар-ұждан бостандығына - өзінің дінге көзқарасын дербес білдіруге, олардың кез келгенін уағыздау не ешқайсысын уағыздамау, дінге көзқарасына байланысты сенімін тарату және соларға сәйкес іс-әрекет жасау құқығына кепілдік беріледі» - деп жазылған.
Мемлекеттің Конституциясы - оның ішкі-сыртқы қорғанының кепілі. Өйткені, онда мемлекеттің күллі қозғалысының, мысалы, ел бағытының, саясатының, Президенттің халықты басқаруының, оның құқықтық көлемінің, халық құқының тағысын-тағыларының тұтас формуласы анық көрсетілген болады. Күллі мемлекетке тән барлық жүйе, тәртіп сол заңдағы белгіленген тәртіп пен жүйеде көрсетілген баптар бойынша әрекет етеді. Дұрыс. Дұрыс болатыны - мемлекет онсыз өмір сүре алмайды.
Ал, бірақ сол - мемлекеттің Ата Заңының өзі мемлекеттің кейбір маңызды, өте маңызды істеріне, өзінің мемлекет болып баянды тұруына ауыр нұқсан келтіретін нәзік мәселелерге, әрекеттерге кеңінен жол берсе, оны өзі заңдастырып қойса, оған халықта қайтіп сақтану мен қарсы тұру болмақ?
Мәселен, еліміздің Ата Заңында: «Республика азаматына ар-ұждан бостандығына - өзінің дінге көзқарасын дербес білдіруге, олардың кез келгенін уағыздау не ешқайсысын уағыздамау, дінге көзқарасына байланысты сенімін тарату және соларға сәйкес іс-әрекет жасау құқығына кепілдік беріледі» - деп жазылған.
Ата Заңнан ойып тұрып орын алған бұл бап бойынша мемлекет көлемінде кім қай «дінге» сенсе де, не істеп, нені дәріптесе де, өз еркі. Мейлі ғой, өйткені: «Дінде зорлық жоқ!» - деген Құранда Аллаһ Тағала. Бірақ одан әрі: «Расында туралық азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаһқа иман келтірса (сенсе), сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Аллаһ әр нәрсені естуші, білуші» («Бақара» сүресі, 256-аят) деп те ескертеді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, күллі ғаламда мемлекет құрып отырған жалғыз біз ғана емеспіз. Айналамыз қоршаған - мемлекет. Мемлекет болғанда да шығысымыз мыңдаған жылдық тарихқа ие - қарт Қытай, солтүстігіміз өзіміз кеше ғана құшағынан әрең шыққан - алып орыс, батысымыз техникасымен де, «демократиясымен» де бізді, бізді ғана емес-ау, күллі әлемді бас шұлғытып отырған - кәрі тарлан Еуропа елдері. Бұларды былай қойғанда жердің арғы бетінде жатып-ақ, ықпалын жер бетіне өткізіп отырған - азулы арыстан Америка.
Бұлардан тыс көргеннің көзін аларттырмай қоймайтын жеріміздің кеңдігі мен байлығымыз анау болса, жыртық киіз секілді тесік-тесік ұлттық құрамымыз мынау, әлемдегі сенімі ең көп елміз. Былайша сыртымыз бүтін сияқты болғанмен, ішіміз - түтін. Алтауымыз ала болмағанымызбен, төртеуіміз әсте түгел емес. Әрі әлемдік саясатта тәжірибесі тым аз, ең жас, бала бұғаналы елміз.
Дәл осындай жағдайда діндік бөлшектеушілерге Ата Заңымыздан жоғарыдағыдай бап ашып, беру дұрыс па? Оның үстіне халқымыз - ғасыр бойына асыл дінінен тосылған, алыстатылған, тіпті «Құдай жоққа» дейін барып әрең қайтқан сенімі селкеулі халық.
Өзі қасиетті дінінен 70 жылдай ажыратылып, рухынан аштыққа ұшырап, әбден сансыраған бейкүнә жұртымызға жоғарыдағы заң бабына сүйенген сыртқы - кришнаидтер, иеговашылар, буддашылар сияқты толып жатқан жат дін ағымдарын былай қойғанда, дәстүрлі дініміз исламның өзінен бөлініп алған құраниттер, хизб-ут-тахриршілер, ахмадишілер, уахабистер сияқты толып жатқан ағымдар қойға тиген бөрідей лап қойды.
Бөрі демекші, былайша айтқанда халық «Қазақстан» деген үлкен «қорадағы» қой болды да, әлгі миссионерлер сол қораға қоймен бірге қамалған қасқырлар болды. Олар саясатта, заңда өздеріне тосқауыл болмаған соң, өз үйіміздің ішінде, өз заңымызға сүйене отырып елді еркін талаумен, бұзумен, ағымдарға бөлшектеумен айналысуда. Бірі - ата дініміздегі ең таза жол әхлі сүннетті мойындамаса, бірі - мәзһабты мойындамайды. Бірі - «мәдімін» десе, енді бірі - «пайғамбармын» деуде. Бірі - Үндістанға тартса, бірі - Ауғанстанға, тағы бірі - Англияға бастайды. Бүйірдегі будда да тек жатқан жоқ. Бірі - «ет жеме» десе, бірі - «шыбын өлтірме» дейді. Бірі - ағашымызды өртесе, бірі - күлімізді шашты.
Ал, дәстүрімізде жоқ дін секталарының былығы тіпті жаман. Олар «Өтпелі» деп аталатын өтіп бітпейтін кезеңде халықтың осал тұсын пайдаланып, аз ғана АҚШ долларымен ел сенімін жаулап, өздерінің негізсіз секталарына құл етті. Әуелі тұрмыстың итермелеуімен кірген олар, біртіндей келе әлгі секталардың ағымындағы сенімді мүридтеріне айналып үлгерді. Тіпті, ақ жаулықты аналарымыз «үш бірлік құдайын» дәріптейтін үн қағаздар мен үлкенді-кішілі кітаптарды көшеде, автобустардың ішінде, тіпті ауылдарда кезіп жүріп, тарататын халге жетті.
Ал, енді бір бүйірден «ақ ана», «сары әулие», «аққу-сұңқар» деген тектес жын қуған зиратшылдар, бақсы-құшынаштар жоғарыдағыдай мың түрлі сенімнің кесірінен кімге сенерін білмей, дал ұрып қалған халқымызды «кел бері, жолыңды, жүрегіңді ашып береміз», «біз деген тазартқышпыз, «ана атаң әй деді, мына атаң бүй деді» деп, онсыз да әруаққа сену мен оларға арнап Құран бағыштаудың аражігін толық ажырата бермейтін момын халқымызды топ-топқа бөліп, соңдарынан ертіп кетті.
Осының бәріне Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы кінәлі дейін десең, олардың мемлекет саясатынан тыс, билік көлемі мешіт ауласынан асырылмайтын, имамдары мемлекет бюджетінен соқыр тиын алмайтын (дұрысы берілмейтін), насихат көлемі шекті, соған қарамастан «Аллаһ ризашылығы үшін» жүректеріне берік орнаған, жоққа, тұрмыстық ырықсыздыққа көніп, халық берген садақамен құрсақтарын қампайтып, мешіттерін сырлап-сыптап, жылытып ұстап, келген жамағатын ізгілікке шақыруда бойларындағы бар дәрмендерін жинап, сарп етіп отырған елдің рухани ұстаздарының жағдайы түсінікті. Олар соған қарамастан ұлт дінін ұлықтап, жамағатын Хақ сөзімен жарақтап, елдің ішкі бірлігінің берік ұйтқысына айналып келеді, шүкір!
Расын айту керек, мемлекет бетке ұстап отырған бір ғана діни жоғары оқу орыны «Нұр-Мүбәрак» университеті - атағы дардай болғанымен әлі жатақханасы салынып бітпеген мекеме. Оның өзі біздің түгелдей секташылардың отанына айналып кете жаздап тұрған, «көп ұлтты» ғана емес, «көп дінді», «көп секталы» да мемлекетіміздің бір олқысын көрсетіп тұрғандай. «Білімсіз дін - ақсақ», - дейді Ньютон.
Демек, еліміздің халқы, әсіресе, жастары, балалары өзінің діні жайлы, жалпы «діндер» жайлы, секталар туралы тез әрі толық сауаттанбаса, біздің елдей сектасы мен дін ағымдары мыңдап саналатын әрі олардың құқығы Ата Заңмен қорғалған елде - ненің ақ, ненің қара, ненің оң, ненің теріс жол екенін ажырату мүмкін емес. Әсіресе, жастар мен балаларға обал. Олар - ешнәрсе жазылмаған ақ парақ. Олардың жүрегіне кім әуелі нені сенім етіп ексе, сол олардың діні болып көктемек. Сосын, ол сенімді өзгерту жоқ.
Дейтұрғанмен де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ата дініміз жайлы көзқарасы өте дұрыс. Ол: «Біз - тегіміз түрік, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» және «Ислам - тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз», - деді бір сөзінде. Бұдан да тыс дініміз жайлы бағдарлы сөздері көп. Біз Елбасының дініміз жайлы осы танымы терең сөзінен берік ұстап, еліміздің дінін көркейтуіміз, секталарға үзілді-кесілді тосқауыл қоюымыз шарт.
Жалпы діндер, секталар халқымызды әсте біріктірмейді. Керісінше, топ-топқа бөліп, алтыбақан алауызға айналдырады. Қазірдің өзінде олар салған жіктеулер байқалмай тұрған жоқ. Бұ жағынан тіпті мүшкіл халдеміз десек те болады.
Ал өзіміздің хақ дін - Ислам сөзсіз біріктіреді. Қазақ «қазан төңкерісіне» дейін дінде еш бөлшектенген халық емес болатын. Бұған дейінде көгерген, көктеген, өзіндік діні мен салты үндескен иманды ел болған. Болып та келеді. Өйткені, Аллаһ Тағала қасиетті Құранда: «Күдіксіз Менің жолым осы (Ислам)! Енді соған еріңдер! Басқа жолдарға (ағымдарға) түспеңдер! Онда (ол жолдар) сендерді Аллаһтың жолынан (Исламнан) айырады. Сендерге осыларды Аллаһ нұсқады! Сақтанарсыңдар!» - деп ерекше ескерткен.
Дін біреу ғана. Ол Аллаһтың діні - Ислам. Ендеше, халқымыз өте дұрыс жолда - Хақтың өз жолында. Біз халқымызды, оның дінін, салт-дәстүрін, тілін көзіміздің қарашығындай қорғауға міндеттіміз.
«Ақ желкен» журналы, 20-21-беттер, №11,2010