Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 05:44

Аялдар Күнтуған.Туымыздың түсі қандай: көк пе, көгілдір ме?

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні таяп келеді. Мұндай кездері бүкіл Алаш жұртының көңіл-күйін өзгеше сезім, мөлдір ойлар мекендейтіні анық. Әсіресе, еліміздің мемлекеттік рәміздері әр қаламыздың көшелерінен, мемлекеттік мекемелердің көзге көрінетін тұстарынан таза да сәнді, асқақ та айбынды қалпында ілініп тұрса, кісі көңілін шаттық кернейтіні өзінен өзі түсінікті. Өкініштісі, Тәуелсіздік мерекесін жылдағы әдетіміз бойынша, жаңа жылдың тасасында қалдырып келеміз. Христианша жыл санауды ұлықтауда алдымызға жан салмаймыз. Биыл тіпті әлемде бірінші болып жаңа жылдық шыршаны жақтық. Бұл енді қанша айтқанмен, қайыры жоқ шаруа. Айтпағымыз, осындай кездері аспан түстес Көк Туды көрген сайын түрлі ойға батасың. Кеудеңді кернеген мақтаныш сезімі көгінде Қыраны қалықтаған, алтын Күні нұрын шашқан, жиегі қазақы оюлармен көмкерілген Көк Туыңызды біртүрлі одан әрмен нұрландырып жіберетіндей. Бірақ соңғы кездері бір ой мазалап жүр: осы Туымыздың нақтылы түсі қандай? Соны біле алмай дал болып жүрмін. Туымыздың мағыналық түсіндірмесінде ашық көк түс еліміздің мәдени-рухани бірлікте, ынтымақта екендігін білдіреді делінген. Ал енді бір жерлерде көгілдір туымыз барлығын мақтан ететін сөйлем сөздер кезігеді. Сонда туымыздың түсі қандай? Көк пе, көгілдір ме? Негізі, аспан түсті қанық көк болуы керек.

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні таяп келеді. Мұндай кездері бүкіл Алаш жұртының көңіл-күйін өзгеше сезім, мөлдір ойлар мекендейтіні анық. Әсіресе, еліміздің мемлекеттік рәміздері әр қаламыздың көшелерінен, мемлекеттік мекемелердің көзге көрінетін тұстарынан таза да сәнді, асқақ та айбынды қалпында ілініп тұрса, кісі көңілін шаттық кернейтіні өзінен өзі түсінікті. Өкініштісі, Тәуелсіздік мерекесін жылдағы әдетіміз бойынша, жаңа жылдың тасасында қалдырып келеміз. Христианша жыл санауды ұлықтауда алдымызға жан салмаймыз. Биыл тіпті әлемде бірінші болып жаңа жылдық шыршаны жақтық. Бұл енді қанша айтқанмен, қайыры жоқ шаруа. Айтпағымыз, осындай кездері аспан түстес Көк Туды көрген сайын түрлі ойға батасың. Кеудеңді кернеген мақтаныш сезімі көгінде Қыраны қалықтаған, алтын Күні нұрын шашқан, жиегі қазақы оюлармен көмкерілген Көк Туыңызды біртүрлі одан әрмен нұрландырып жіберетіндей. Бірақ соңғы кездері бір ой мазалап жүр: осы Туымыздың нақтылы түсі қандай? Соны біле алмай дал болып жүрмін. Туымыздың мағыналық түсіндірмесінде ашық көк түс еліміздің мәдени-рухани бірлікте, ынтымақта екендігін білдіреді делінген. Ал енді бір жерлерде көгілдір туымыз барлығын мақтан ететін сөйлем сөздер кезігеді. Сонда туымыздың түсі қандай? Көк пе, көгілдір ме? Негізі, аспан түсті қанық көк болуы керек. Бұл мемлекеттік берекесі мен бірлігін, тыныштығы мен бейбітшілігін өрнектейтін әдемі түс екендігі тайға таңба басқандай айқын жазылған. Ал көгілдір бояу әртүрлі түстердің қосындысынан пайда болады. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдағы туымыздың түсі есіңізде болар. Сол кезде Үлкен кісінің сүйіп тұрған туы мен қазіргі туды салыстырып көріңізші. Ашық әрі қанық көк түсті еді ғой. Ал қазіргі туымызды көгілдір деп те айту қиын. Әуелі жыл сайын жасылданып бара жатқандай. Сенбесеңіз, мына суреттерге қараңыз. Бірінің түсі біріне ұқсамайды. «Қазақстанның мемлекеттік туы - біркелкі көк түсті». Осы сөзімізді ұмытып кеткен жоқпыз ба, ағайын? Мемлекеттік рәміздердің қай-қайсысы да сол елдің өзгеше болмыс-бітімін өрнектейтінін еске алсақ, Туымыздың түсін мың құбылтуымыз елден-жұрттан ұят-ақ. Марқұм Жағда Бабалық ақсақал бір әңгімелескенімізді туымыздың түсі жасылданып бара жатқанын, бұл барып тұрған жауапсыздық, өзіміздің, ұлтымыздың ең ұлы құндылығын сыйламауымыз екенін айтып еді. Сіз қай түсті таңдайсыз, пікіріңізді күтеміз!

Айтпақшы, жуырда литвалық бір депутат үлкен мәселе көтерді. Ол мереке-мейрам кездері мемлекеттік туды ілмеген, және айбынды етіп әспеттемеген, таза ұстамаған мекемелерге айыппұл салуды ұсынды. Біздегі мекемелердің шекесінде ілініп тұрған кейбір туға қарап, жаның ашиды. Кір-қожалақ, олпиып-солпиып тұрғаны қашан көрсең. Әуелі, ілінгеніне талай жыл болған кейбір тулар жыртылып та қалғанын көзіміз көрген. Түкке тұрмайтын мәселені озандатуға үйір біздің депутаттардың бірі осы туымызды, мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеруді ойлап, депуттатық сауал жолдағанын естімей-ақ өтер ме екенбіз. Саммитшілеп жүріп-ақ, уақытымыз зая кетіп жатқанына налисың іштей...

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351