Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2878 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 07:22

Нұра Матай. Өгізден тараған сібір күйдіргісіне қазақ кінәлі болып шықты

Маусым айында Павлодар облысы, Ақсу ауданына қарасты Ребровка ауылында малдан тараған сібір күйдіргісінен адам шығын болып, ауылдың бірнеше тұрғыны ауруханаға түсіп шу болған.

Енді келіп Ақсудағы сот өгізден тараған күйдіргіге Аманжол Кенжебаев деген қазақты кінәлі деп тауып отыр. Сот «ветеринарлық нормаларды бұзған содан болып, абайсыздықтан бірнеше адамның өліміне себепші болған» деп әлгі қазаққа екі жыл шартты жаза кескен.

Ал, адвокат болса, «Сібір күйдіргісінің таралуына облыстық, аудандық ветеринарлық мекемелер күйдіргіге қарсы екпенің уақытылы салынбауы себеп болғанын анықтаған», деп зар илейді. Айғақ пен дәлелді керек қылатын бізде сот бар ма?! Әйтеуір, біреуді кінәлі етіп шығарып, тезірек осы істі жабу және жергілікті биліктің соның ішінде оған бағынышты мемелекеттік мекемелердің қателігін жасыру, жабу ғана болып келетін сияқты. Әйтпесе, азық-түлік пен киім-кешекке тарылған соң, ақ адал малын сойып, ауылдастарына етін сатқан қазақ ол малдың ауруына қалай кінәлі болып шығады, айтыңызшы?

Жарайды, заңның аты - заң делік. Бірақ, аймақтағы малды түрлі ауруларға қарсы егетін арнайы ветеринарлық мекемелердің қызметкерлері ай қарап жүре ме? Және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қарапайым азаматтардың төлеген салығынан айлық алып отырған жоқ па? Тым құрыса, жұмысына жауапкершілігін сезінуге болады ғой. Олардың өз жұмыстарын дұрыс атқармағандығының кесірінен  енді міне, ауыл қазағы сот алдынан екі жыл шартты жаза алып шықты. Бұ неғылған сот, не деген озбыр билік! Өгізден тараған ауруға қазақты кінәлі деп тапқан сот пен билік қазақ басқа не істемейді?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377