Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 10:51

ОҚО атқарушы органдарында 620 қызмет қысқартылды

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) атқарушы органдарында 620 қызмет қысқартылды, деп мәлім етті жұма күні аймақтың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасының бастығы Болат Үркімбаев.

«Қысқаруға ұшырағандардың 240-ын ауылдық округтарда аға мамандар, 16-сын зейнеткерлік жастағы адамдар атқарған. Сондай-ақ, 78бос орын қысқартылды», - деді Б. Үркімбаев.

Қысқартуға дейін жергілікті атқарушы органдардың штаттық саны 4,6 мың бірлікті құраған, ал іс жүзінде 3,93 мың адам жұмыс істеген. Қысқарту шарасынан кейін штатта 3,42 мың штатты бірлік қалды. Олардың бәрі мемлекеттік қызметкерлер.

«Біз адамдарды емес, қызметтерді қысқарттық. Мемлекеттік қызметті 3 жылдан артық атқарғандарға төрт жалақы көлемінде демалысақысы берілді, ал 3 жылдан кем істегендер бір жалақы көлемінде алды», - деп мәлім етті Б. Үркімбаев мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту бойынша шаралардың нәтижелерін жариялай отырып.

Сондай-ақ, ол қысқартылғандардың арасында наразылық білдіргендер бар екенін мәлім етті. «Біз әрбір шағымды қараймыз. Агенттіктің телефондары мен мекен-жайы жергілікті БАҚ-та жарияланды»,-деп мәлім етті Б. Үркімбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052