Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2897 0 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 13:39

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы Достық үйінде болды

2016 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жаңа Достық үйіне қоныстанған болатын. Араға бір жыл салып, 2017 жылдың 18 қыркүйегінде Тараз шаһарының орталығынан орын тепкен сәулетті ғимаратты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі көріп, бағасын берді.

Мұнда Президент өңірлік этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен және белсенді мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы қазіргі таңдағы ең өзекті тақырып «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына  тоқталды.

«Қоғамды рухани жаңғырту мәселесі ешқашан дәл қазіргідей өзекті болған емес. Ақпараттық-сандық ғасырда бір орында тұруға болмайды, заман талабына сай жаңашылдықтарды қабылдап, өз-өзімізді жетілдіріп, өзгерістерге дайын болуымыз керек. Жеке тұлға ғана емес, жалпы қоғам бәсекеге қабілетті болуы тиіс».

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігін атап өтіп, латын әліпбиіне көшуді де тілге тиек етті.

«Мен үнемі айтып жүремін, Қазақстанның дамуы елдегі бірлік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты. Осы орайда латын әліпбиіне көшу халқымыздың бірлігі мен татулығын арттыра түсетініне сенімім мол».

Осы сөздерден соң, Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева өз пікірін ортаға салды.

«Қазір сіздің Ассамблея сессиясында айтқан бір сөзіңіз есіме түсіп тұр: «Бәріміз бір тілде – қазақ тілінде сөйлесек, мен өзімді бақытты президент деп санар едім» деген едіңіз. Сол сөзіңіз менің жүрегіме ұялап, әрі қарай қазақ тілін меңгеруге қанаттандырды. Мен өзімнің отбасымда ғана емес, облыста қазақ тілін меңгеруге насихаттайтын жұмыс жүргізіп, сол үшін «Тіл жанашыры» төсбелгісімен де марапатталдым. Ал қазір латын әліпбиіне көшуге де дайынмын».

Осыдан соң, Нұрсұлтан Әбішұлы ағымдағы жылы «Көне Тараз» тарихи-археологиялық саябағындағы қазба жұмыстар кезінде табылған археологиялық ескерткіштерді тамашалап, «Алғыс ағашына» ізгі тілегін қалдырды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415