Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 5713 0 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 14:02

ҚХА: Латынға көшу- біздің ортақ міндетіміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы 15 қыркүйекте Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді жалпыхалықтық қолдаудың бірыңғай республикалық күнін өткізді.

Бүкіл ел бойынша   Достық үйлерінің базасында Ассамблея кеңестерінің және ғылыми-сараптамалық топтардың отырыстары,  конференциялар, дөңгелек үстелдер,  ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің отырыстары, сарапшылармен кездесулер жәе т.б. форматтарда іс-шаралар  өткізілді.

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасарлары – Дархан Мыңбай, Сергей Вишняк, Абилфас Хамедов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Ассамблеядан сайланған депутаттары, ҚХА Кеңесінің, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтардың,  Ассамблея кафедралары мен құрылымдарыың басшылары мен ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның,  мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, бізді қазақ тілінің латын әліпбиіне қарқынды, бірақ жүйелі көшуі күтіп тұрғанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл жұмысқа тікелей атсалысатынын атап көрсетті.

Бұл бірқатар мән-жайлармен байланысты.

Біріншіден. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстанды рухани жаңғырту бағдарламасының  өзегі  болып табылады.

Ол елде үштілділікті қалыптастыруды, жас ұрпақтың үш тілді бірдей үйреуін жеңілдетеді.

ЭКСПО тәжірибесі Қазақстанмен танысу шетелдік қонақтардың қазақ тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген заңды қызығушылығын тудырғанын көрсетті.

Латын графикасындағы мемлекеттік тіл шет елдердегі латын әліпбиін қолданатын миллиондаған азаматтардың тілге деген  қызығушылығын қанағаттандырады. Яғни, қазақ тілі үйрену үшін қолжетімдірек, ал ел халықаралық бизнес пен туризмді дамыту тұрғысынан - тартымдырақ бола түседі.

Шетелде тұратын отандастарымыз үшін ана тілі мен жазуды дамытудың, тарихи отанымен жақындасудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады.  Ал біз Қазақстанға  инвестициялар ме технологияларды    трансферттеу үшін қосымша көздеріне ие боламыз.

Екіншіден. Латын әліпбиіндегі мемлекеттік тіл қазақстандық лингвистикалық кеңістіктің халықаралық коммуникациялар мен әлемдік экономикаға қосылуының жаңа арнасына айналады.

Латын әліпбиінің арқасында біз халықаралық ғылыми- техникалық лексиканы біздің ұлттық сөздігімізге барыша оңтайлы түрде бейімдей аламыз.

Осы тұрғыдан алғада латын графикасы  цифрлық технологияларды енгізуді және біздің басты міндетіміз – әлемдік көшбасшылардың 30-дығына кіруді жеңілдетеді.

Латын  графикасын қабылдау  – бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған таза прагматизм.

Үшішіден. Латын әліпбиіне көшу, ұлттық әліпбиге қосымша латын графикасын қолдану әлемдік үрдіске айналған.

Адамдар экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық  прогресте барыша көп жетістіктерге қол жеткізген елдердің тілдері біліп, үйреуге ұмтылады.

Қазақстан үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басым көпшілігі латын әліпбиін пайдаланатын 35 елі бағдарланатын елдер болып отыр.

Жапония ме Қытайда, иероглиф жазумен қатар жапон және қытай тілдерінің латын графикасына негізделген әліпбилік транскрипциялар бар.

Әліпбилерді, кез келген ақпаратты латындандыру  – бүгінде  объективті әлемдік  тренд.

Төртіншіден. Бұл қадамнан кейін әртүрлі салаларда, соның ішінде білім беруде инновациялар, жаңа технологиялар пайда болуына   мультипликативтік әсер ететін болады.

Латын графикасы медицинада қолданылады, жол белгілері, автомобильдің мемлекеттік нөмірлері  латынша бейнеленген, ол  паспорттарда, ұялы телефондарда, көрнекі ақпаратта пайдаланылады.

Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу бұл процесті ретке келтіреді, жүйелі етеді, жаһандық коммуникация құралдары неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді  болады.

Сөзінің қорытындысында Д.Мыңбай Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын бүкілхалықтық талқылаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Біз бәріміз де өзіміздің тәуелсіз таңдауымыздың тек біздің жалпыұлттық мүдделерімізбен – бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм, сана ашықтығы мен ұлттық кодты сақтау мүдделерімен байланысты екенін анық түсінеміз.

Қазақ тілін латинской графикасына көшіру бұл – терең объективті қажеттіліктен туындаған уақыт талабы.

Бұл тек қазақ тіліне қатысты. Президент айтқандай, кирилл әріптері өз рөлін атқара береді. Сондықтан, кирилл әліпбиін пайдаланып, орыс тілінде сөйлейтіндер алаңдамауларына болады.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, яғни оның болашағы үшін елдің барлық азаматтары мүдделі болмақ.

Сондықтан да  латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!

Сондай-ақ отырыста ҚХА Төрағасының орынбасары С.Вишняк, Мажилиса ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева,   ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қ.Асылов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, этномәдени бірлестіктердің басшылары және басқалар баяндама жасап, сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу қабылданып, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы  тарихи қадам – мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуін іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсау жөнінде тастүйін шешімге бекігенін білдірді.

Үндеуде латын графикасын енгізу Қазақстанның әлемдік экономика мен коммуникацияларға, ғылым мен мәдениетке интеграциялануы үшін, экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіру үшін, қоғам өмірінің барлық салаларын цифрландыру принципінде үшінші жаңғырту жүргізу үшін  ұзақ мерзімді әсер бере алатыны атап көрсетілді.

«Біз еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиін талқылау және қабылдау бойынша жұмысты қолдауға, қуатты да өркендеген Қазақстанды құруымыз үшін Мемлекет басшысының осы бастамасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге шақырамыз!» делінген Үндеуде.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236