Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 06:11

Ардабек Солдатбай. Қарағандының орталығы "күн көсемнен" құтылды

Қарағанды қаласының орталығында отыз жылдан астам қасқайып тұрған «күн көсемнің» ескерткіші алынып тасталатын болды. Бұл туралы қаланың абаттандырылуы жайлы қоғамдық тыңдау өткізген кезде қала әкімі Бауыржан Әбдішев мәлім етті.

«Ескерткіш таяу күндері қоныс аударады. Оны кинотеатрдың артындағы саябаққа апарып тастаймыз», - дейді әкім.

Оның айтуынша, қала орталығынан ескерткішті алып тастау мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бірақ коммунистер мен Кеңес Одағын көксеп сағыныштан арыла алмай жүргендер бөгет болып келіпті. Әйтеуір, құдай оңдап биыл қала әкімі шешімге келген көрінеді.

В.И.Лениннің бұл ескерткіші Қарағандыға 1975 жылы орнатылған. Қызғылт граниттен жасалған ескерткіштің салмағы - 800 тонна, биіктігі - 12 метр. Авторлары қарағандылық сәулетшілер - Ф. Мордвинцев, И. Ефанов, И. Былинкин, В. Беликов және мүсінші Юрий  Гумель.

Ескерткіштің алынып тасталуына қатты қарсылық көрсетіп келген коммунистермен қатар осы авторлардың үрім-бұтағы мен көзін көргендер екен.
Айтпақшы,  бұл Орта Азияда аман қалған Лениннің ең соңғы ескерткіші болатын. Бодандықтың қамытындай болып келген ескерткіштен құтылдық-ау, әйтеуір.

http://masa.kz/article/view/id/531

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055